Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Атаулы әлеуметтік көмек төлеу жалғаса береді

Атаулы әлеуметтік көмек төлеу жалғаса береді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеу әрі қарай жалғаса беретінін айтты. Тоқаев атаулы әлеуметтік көмекті "әділетті саясат" деп бағалады.

Қазақстан президенті ел үкіметі жәрдемақы төлеу жұмыстары жайлы өзіне есеп бергенін жазды. Тоқаев үкімет нақты қандай жұмыстар бойынша есеп бергенін ашып айтпады.

Ақпан айында Нұр-Сұлтанда (сол кездегі - Астана) бір отбасының бес баласы өрттен қаза тапқан соң көп балалы наразылық танытып, биліктен жәрдемақы өсіруді талап еткен. 27 ақпанда өткен "Нұр Отан" партиясының съезінде сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке әр балаға 21 мың теңге көмек сәуірден бастап берілсін деген. Бұл тапсырма негізінде парламент әзірлеген заңға қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев сәуірдің басында қол қойған.

Сәуірде көп балалы аналар билікке барып, жәрдемақыға құжат өткізудің қиындығы жайлы айтқан. 30 сәуірде елдің бірнеше қаласында жағдайы төмен отбасылар атаулы әлеуметтік көмек ала бастағандарын хабарлады.



09 мамыр 2019 ж. 1 602 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930