Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы отбасылар мен мүгедек бала асыраушылар жыл соңына дейін 6 мың баспанаға ие болады

Көпбалалы отбасылар мен мүгедек бала асыраушылар жыл соңына дейін 6 мың баспанаға ие болады

2020 жылы «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына арналған Жолдауында мәлімдеді.

«Биыл Елбасының бастамасы бойынша 2% жеңілдікпен және алғашқы жарнасы 10% болатын жаңадан «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды. Бұл өте қолайлы жағдай. Жыл соңына дейін бұл бағдарлама бойынша кем дегенде алты мың отбасы баспана сатып алады. Бірінші кезекте көпбалалы отбасылар мен мүгедек бала асырушылар қамтылады. 2020 жылдан бастап жыл сайын 10 мың осындай отбасы баспанамен қамтылады», - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап осындай 10 мың отбасы жыл сайын баспанамен қамтамасыз етіледі.

«Үкімет бағдарламаға қатысудың нақты критерийлерін анықтап, оны қатаң басқаруды қамтамасыз етуі керек. Қолдау тек шынымен мұқтаж адамдарға көрсетілуі керек. Үкіметке алдағы 3 жылда кезекте тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесін шешуді тапсырамын. Олардың саны қазір 30 мыңға жуық. Табысы жоқ азаматтарға жеке баспана сатып алу үшін әлеуметтік аренда шарты бойынша мүмкіндік беру керек. Бұл мақсатқа 2022 жылға қарай 240 млрд теңге қарастырылған», - деді президент.
baq.kz
02 қыркүйек 2019 ж. 1 596 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31