Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 26 тамыздағы қаулысы бойынша Алматыда демалыс күнгі шектеулер күшейтілді, ал өзге өңірлерде шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  
Алматы қаласын қоспағанда, ағымдағы жылғы 28 тамыздан бастап мыналардың жұмысына:
  • демалыс күндері – «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;
  • сенбі күндері – қоғамдық  көліктің жұмысына рұқсат етіледі.
  • Алматы қаласын қоспағанда 30 тамыздан бастап:  
  • «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.
Құжатта Алматы қаласында да шектеу шараларын жеңілдету үшін эпидемиологиялық жағдай тұрақтануы керек делінген. 
«Қоңыр қызыл» аймақтың өңірлері бойынша шектеулер қаулының толық нұсқасында көрсетілген.
27 тамыз 2021 ж. 523 0

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 147

Бүгінгі доллар бағамы қандай

26 желтоқсан 2025 ж. 226

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031