Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық санағы алдымен онлайн, кейін сауалнама арқылы жүргізіледі

Халық санағы алдымен онлайн, кейін сауалнама арқылы жүргізіледі

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.
«Халық санағы БҰҰ жариялаған халық және тұрғын үй қоры санақтарын өткізу бойынша 2020 жылғы кезекті Дүниежүзілік раунды шеңберінде жүргізіледі. Қазақстанда Ұлттық халық санағын өткізу 2020 жылғы 1-30 қазан аралығында жоспарланған болатын. Алайда елдегі COVID-19 пандемиясына байланысты 2021 жылдың күзіне ауыстырылды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің отырысында 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін ұлттық санақ жүргізуді тапсырды. Үкімет қаулысына сәйкес Қазақстанда үшінші кезекті ұлттық халық санағын 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткізу жоспарланған. Оның ішінде 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін санақ онлайн жүргізіледі. Ал 2021 жылғы 1 қазан мен 30 қазан аралығында планшеттерде жаппай сауал салу жүргізу туралы шешім қабылданды», - деді Нұрболат Айдапкелов ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша алдағы санақтың құндылығы - Қазақстан Республикасының халқының тек саны бойынша нақты ахуалды ғана емес, сонымен қатар елдің әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша ел тұрғындарын сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық ақпараттың кең ауқымын алу. Сонымен қатар, деректерді демографиялық, экономикалық болжау, жұмыспен қамту саласындағы саясатты айқындау, басқа да әлеуметтік бағдарламаларды құру үшін, сондай-ақ ғылымды, бизнесті және бүкіл қоғамды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдалану болып отыр. Одан бөлек басқа елдердің, бірінші кезекте, ЕАЭО бойынша әріптес елдердің санақ деректерімен салыстырмалы деректерді алу жоспарланған.

17 тамыз 2021 ж. 412 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930