Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында партияның "Сыбайлас жемқорлықсыз ел-өркендеуші ел" жобасы аясында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шараларын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы қатысып, дөңгелек үстелді ашып, жүргізіп отырды.
Сондай-ақ жиын барысында «Тілеп» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Тілеп Ибайдулла Тілепұлы жемқорлыққа қарсы күрес жайында бірнеше тарауларға тоқталып өтті.
Қазалы станциясы желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Диханов Арман Тағыбергенұлы, Қазалы аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Сражатов Ербол Ахметжанұлы, Қазалы ауданы №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ниеталиев Ғабит Қонысбайұлы, Қазалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны Ермекбаев Шапағат Нұржанұлы өз салалары бойынша сыбайлас жемқорллықа қарсы күрес жөнінде атқарған шаралырын айтып, өз жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ дөңгелек үстелге аудандық №4 өрт сөндіру бөлімі мен Қазалы станциясының ЖПБ-нің қызметкерлері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
17 ақпан 2018 ж. 2 340 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031