Ұлыстың ұлы мейрамы – Наурыз тойы басталды

"Мерекелік бағдарлама 7 тақырыптық бағыт бойынша яғни, «Наурыз дәстүр» - салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар күні, «Наурыз-жаңару», «Наурыз салауаты», «Наурыз тарту» күні, «Наурыз думан», Әз наурыз – жыл басы (Жастар күні) деген атаулы күндерге негізделген. Онда қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде тұрғындарға арнап мерекелік шаралар өткізіледі. Мерекелік шаралар 14 наурыздан бастап ұйымдастырылуда", - деді қала әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар, 21 наурыз "Әз наурыз – жыл басы" деп аталып, жастар күні ретінде белгіленді. Бұл күні орталық алаңда «Домбыра думан» мерекелік шарасы ұйымдастырылып, кешкі уақытта жастар кеші өткізіледі.
Мерекелік шара барысында өз өнерімен танымал болып жүрген қала жастары тұрғындарға ән мен жырдан шашу шашады.
Ал, 22 наурыз күні орталық алаңда Ұлыстың Ұлы күнін атап өтуге арналған театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылып, Астананың 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында қала тұрғындары киіз үйлерден дәм татады.