Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүйіктіңізге сезіміңізді білдірудің ерекше тәсілдері

Сүйіктіңізге сезіміңізді білдірудің ерекше тәсілдері

Кез келген жігіттің сүйген қызына деген ыстық махаббатын ерекше білдіріп, тосын сый жасағысы келеді. Егер сіз де өз сезіміңізді білдірудің ерекше әдістерін қарастырып жүрсеңіз, мына кеңестердің сізге көмегі тиеріне сенімдіміз.
1. Көктем мезгілінде ағаш бүршік атып, айнала гүлденіп, кез келген жанға керемет әсер қалдырады. Жыл мезгілінің осы кезеңі көшет отырғызуға өте қолайлы екені белгілі. Егер сіз жер үйде тұратын болсаңыз, ауладағы 2 метрдей жерді қопсытып, көшет егуге лайықтап алғаныңыз дұрыс. Содан соң, әлгі жерге жүректің көлеміндей етіп қызыл түсті гүлді, ал жүректің сыртына ақ түсті гүлді отырғызыңыз. Айтпақшы, жүрек пішіндес етіп отырғызылған гүлдің арасына сүйіктіңіздің есімін өзге түстес гүлмен жазуға да болады. Жайма шуақ жаз мезгілінде отырғызылған гүліңіз ерекше түске бөленіп, көз жанарын алатындай сұлулықпен құлпыра түседі. Осындай сәтте көзі байлаулы сүйіктіңізді әкеліп жүрегіңізде жалындаған махаббаттан пайда шабытың өз қолыңызбен жасаған үлкен «туындысын» көрсетіп, сезіміңізді білдірсеңіз болады. Әрине, мұндай керемет көріністі көрген сүйіктіңізге дәл осы сәтте бүкіл әлем қызғана қарайтыны сөзсіз.
2. Егер сіздер ерлі-зайыпты жан болсаңыз, сүйіктіңізге сезіміңізді білдірудің мына бір тәсілі өзге сәттерден ерекшелене түсетін болады. Ол үшін сізге шағын жапсырма қағаздар қажет. Оған "мен сені сүйемін", "сен менің жалғызымсың", "өмірімнің мәні тек өзің" деген жүрегіңіздегі ыстық сезімдеріңізді қаламмен жазып ұйқыға жатар алдында жуынатын бөлмедегі айнаға жабыстырып қойыңыз. Сондай-ақ далаппен немесе тіс жуғыш пастасымен де өзіңіздің жылы лебіздеріңізді айнаға жазып қоюыңызға болады. Таңертең ұйқыдан оянарда ол бөлмеге алдымен сүйіктіңіздің өзі кіруі қажет. Осы бір тосын сыйыңызды көрген ғашығыңыздың керемет сезімге бөленері анық.

3. Сүйіктіңіз көп қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарының бірінде тұратын болса, тіптен керемет. Ол үшін құтыдағы бояумен немесе кәдімгі түрлі-түсті бормен сүйіктіңіздің есімі мен оған деген шынайысезіміңізді білдіретін жылы лебіздерді аулаға жазыңыз. Тек есіңізде болсын, мұндай жазбаларды қатесіз әрі сәнді етіп жазсаңыз, ол көзге бірден көрінеді. Сүйіктіңіз неғұрлым жоғары қабатта тұратын болса, жазу әріптерін соғұрлым үлкен етіп жазу керек. Себебі, биіктен қарағанда әріптер көрінбей қалуы мүмкін. Одан кейін сүйіктіңізге қоңырау шалып, терезеден қарауын өтініңіз. Осы сәтте аулада тұрып сүйіктіңізге сезіміңізді айқайлап айтып жеткізуіңізге де не болмаса түрлі-түсті шарларға жазып көрсетуіңізге де болады.

4. Екеуіңізге де ыңғайлы демалыс күндерінің бірінде сүйіктіңізді қала сыртына алып барыңыз. Бірақ, ғашығыңызды ертіп бармас бұрын ол жерге алдымен өзіңіз барып, құмнан жүрек пішінін салып алыңыз. Үйден шығарда ұзын жіп арқан мен тез жанатын бензинді қоса алып шығыңыз. Белгіленген аумаққа қараңғы түскен уақытта жетуді де алдын ала жоспарлап қойғаныңыз дұрыс. Содан соң сүйіктіңізге көзін бірер минутқа жауып тұруын өтініп, өзіңіз бензинге малынған арқанды жүрек пішіндес құмның үстіне қойып шығыңыз. Мұнан соң жіптің ұшын сіріңкемен жағып жіберсеңіз, жіп лаулап жана шығады. Ал лаулап жанған алау жүректің пішінін айқын көруге мүмкіндік береді. Осы сәтте көзін ашқан сүйіктіңізге өз сезіміңізді білдіріңіз. Мұндай керемет сәт сүйіктіңіздің есінде ұзақ уақытқа сақталары анық.

5. Мектеп қабырғасында оқып жүргенімізде бәріміз де география пәнін оқыдық. Сол сәттегі атлас картасын есіңізге түсіріңізші. Оқушы кезімізде мұғалім әлгі картаның боялмаған нұсқасындағы әр елді, түрлі -түсті қаламмен боятушы еді ғой. Міне, дәл сондай әлем картасының боялмаған нұсқасын сатып алыңыз. Оның ішіндегі ірі деген елдерді белгілеп, шекараларын қызыл түспен бояп шығыңыз да ішіне "мен сені сйүемін" деген сөзді сол елдің тілінде жазып шығыңыз. Егер бұл ғажап сөздер әлем тілдерінде қалай айтылатынын білмесеңіз, оны ғаламтор арқылы оңай табуға болады.
12 наурыз 2018 ж. 1 458 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930