Қызғылт түсті өзен жайлы білесіз бе?
Бізді қоршаған орта жұмбаққа толы. Айналамызда көптеген жаңалықтар болып жатыр. Табиғаттың тылсым күштері де, ерекше жаратылыстары да бар. Ең жаңашыл және көркем табиғат қызғылт түсті өзендер. Бұл өзендердің ерекшелігі: өзен құрамында тұздың көптілігі және Dunaliella salina атты балдырлардың көп болуы. Ол балдырлар бета-каротин мен каротиноидтарды бөледі. Яғни, өзенге қызғылт түс беретін осы химиялық қоспалар.
Африканың батыс бөлігіндегі Сенегал қаласында "Ретба" атты өзен бар. Ол Африканың астанасы Дакар қаласынан 30 км жерде орналасқан. Өзеннің тереңдігі небәрі 3 метр, жалпы ауданы 3 кв.км. Бұл өзеннің қызғылт болуы өте ерекше, себебі өзендегі микроорганизмдер 3,5 млрд жыл бұрын пайда болған. Яғни, Ретба ол кездері тек мұхитпен байланысатын кішкентай көлшік болған. Бірақ, атлантикалық құмдармен араласып, өзенге тұз жинала бастаған. Қазіргі таңда, өзенге қызғылт түс беріп тұрған- цианобактериялар және тұздың көптілігі.
Ең қызығы бұл өзеннің түсі өзгеріп отырады. Яғни қызғылт түстен, қоңыр түске айнала алады. Оның себебі, күннің түсуі және желдің қаттылығы. Жел неғұрлым қатты болған сайын цианобактериялар ферменттерді көп бөледі. Ал өзеннің түсі осыдан кейін қызғылт түске айнала бастайды. Айта кететін жағдай, бұл өзенге бату кету ықтималдылығы өте төмен. Өзеннің қақ ортасына отырып, сүйікті кітабыңызды оқи аласыз) Қазіргі таңда өзеннің айналасында қарапайым халық тұрады. Африкалық тұрғындар өздеріне қажетті мөлшердегі тұзды осы өзеннен алады. Сонымен қатар, қызғылт түсті өзендер: Австралияда (Хиллер), Испанияда (Торревьеха), Канада да кездеседі.
Massaget.kz