Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 наурызда қандай сыйлық беруге болады?

8 наурызда қандай сыйлық беруге болады?

8 наурыз мерекесі жақындап қалды. Ал сіз жақындарыңызға не сыйлаймын деген оймен бас қатырып жүрсіз бе? Біз Сіздерге нәзікжандыларды қуантуға болатын мерекелік сыйлықтар тізімін ұсынамыз.

Гүл



Көктемнің көркі – гүл. Нәзікжандыларға гүл сыйлау ешқашан сәннен шықпайды. Әйел заты үшін сыйлыққа гүл алу әркез жағымды. Алайда, мереке қарсаңында гүлді басқа сыйлыққа қосымша ретінде ұсынған дұрыс.
Қоғамда гүл сыйлаудың түрлі әдептері қалыптасқан. Мысалы, гүлді тақ санмен сыйлау керек. Гүлдің түсіне де қатысты пікірлер бар. Ақ түс – сезімді, қызыл – махаббатты, сары түс – сыйластықты білдіреді.
Сондай-ақ, қазір гүл құмырасымен ұсынылатын “тірі” сыйлықтар сұранысқа ие. Себебі, гүлшоқтарын сыйлау тым қарапайым болып көрінуі мүмкін. Қазір нарықта “Әйел бақыты”, “Жасмин”, Гардения” гүлдері танымал.

Фотосессия

Фотосессия көктем

Қыздар қауымы суретке түскенді жақсы көреді. Қыдырғанда да, тамақ ішкенде де, сіз берген сыйлықты да суретке түсіретін қыздар да бар. Жеке фотографы болудан шаршасаңыз, мереке қарсаңында кәсіби маманның көмегімен фотосессия жасап беріңіз. Нағыз маманның объективінің алдында кез-келген бойжеткен өзін фотомодель сезінеді. Уақыт өткен соң ол суреттерге қарап, мерекелік сыйлықты қуанышпен еске алатын болады.

Техника

Техника сыйлық

Қыздарға техника сыйлауға болмайды дегенді қайдан естідіңіз? Керісінше, мұндай сыйлықты кез-келген ару алақайлап қабылдайды. Гүл, ыдыс-аяқ сияқты дәстүрлі сыйлықтардан жалықсаңыз, жаңашылдыққа бет бұруға болады. Қанша дегенмен, XXI ғасыр ғой.
Мереке қарсаңында ұялы телефон, жаңа ноутбук, тіпті болмаса, қысқа толқынды пеш немесе жұбайыңыз бен анаңызға, әпке-ұарындастарыңызға шаңсорғыш, үтік, шаш кептіруге арналған құрал сыйлауға да болады. Бірақ, олардың қандай техниканы қажет етіп жүргенін алдын-ала сұрап, біліп алғаныңыз абзал.

Парфюм және косметика

Косметика

Косметика мен парфюм – қыздардың ең басты қаруы. Жақсы жауынгер қаруды дұрыс таңдай білуі керек. Сондықтан, косметика немесе парфюм сыйлауға бел бусаңыз, жақыныңыздың талғамын жақсы біліп алғныңыз абзал.
Егер өзіңізге сенімсіз болсаңыз, косметика сататын дүкенге сертификат ұсынуға болады. Ал егер оның талғамын және тұрақты қолданатын заттарын жақсы білсеңіз, бұдан артық жақсы сыйлық болуы мүмкін емес.

Романтикалық кешкі ас

Романтикалық кешкі ас

Сүйіктіңізге не сыйлау керектігін, қалай сыйлау керектігін білмей жүрсеңіз, романтикалық кешкі асқа шақырыңыз. Өз қиялыңызға сенімсіз болсаңыз, мейрамхана қызметкерлері мен ұйымдастырушыларының көмегіне жүгінуіңізге болады. Алайда, бұл тек сыйлықтың бір бөлігі ғана. Керемет көңіл-күй, жағымды атмосфера кезінде сүйікті қызыңызға негізгі сыйлықты табыстауға үлкен мүмкіндік туады. Және романтикалық кешкі ас қыздардың есінде ұзаққа сақталады.

Абонемент немесе билет

Билет

Егер сыйлық жасағыңыз келетін адамның қызығушылықтары туралы жақсы білсеңіз, фитнес залына, СПА салонына, йога жаттығуларына, би немесе ағылшын курстарына абонемент сыйлауыңызға болады. Жақыныңыз көптен бері аталғандардың бірін жоспарлап жүруі мүмкін. Бірақ, уақыттың не ақшаның ретін таппай жүрсе, сіздің сыйлығыңыз ол үшін үлкен тосын сый болмақ.
Мереке қарсаңында түрлі іс-шаралар мен концерттер ұйымдастырылады. Концертке, театрға бірге бару мерекені жақсы өткізуге кепілдік болары сөзсіз.
07 наурыз 2018 ж. 4 189 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930