Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дағдарысқа қарсы шаралар: 185 млрд теңгеге аудит жүргізілген

Дағдарысқа қарсы шаралар: 185 млрд теңгеге аудит жүргізілген

Министр бюджеттен бөлінген қаражаттың толық игерілуі бақылауда болатынын атап өтті. Бүгінде 173 жоба бойынша 185 млрд теңгеге камералдық бақылау және аудит жүргізілді. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, ведомство дағдарысқа қарсы шараларға және басқа да мақсаттарға бөлінген қаражаттың игерілуін бақылайды. «Мемлекеттің қаражаты бөлінсе, оны толық бақылауға алуға міндеттіміз. Оған Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жауап береді. Олар жүйелі түрде мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімін тексереді, әрі камералдық бақылау жүргізеді», - деді Ерұлан Жамаубаев халыққа есеп беру кездесуінде. Министр биыл дағдарысқа қарсы шаралар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізілетінін жеткізді. «Сондықтан жол картасына бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын камералдық бақылау немесе аудит арқылы тексереміз. Бүгінде мемлекеттік сатып алу шеңберінде 173 жоба бойынша 185 млрд теңгеге камералдық бақылау және аудит жүргізілді», – деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

15 маусым 2021 ж. 382 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 87

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930