«Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2019 жылдың 1-ші тоқсанындағы аудиторлық қызметінің көрсеткіштер»
Департамент тарапынан 2019 жылдың 1-ші тоқсанында 66 аудиторлық іс-шаралар жүргізілген, оның ішінде 9,4 млрд. теңге бюджеттің шығыс бөлігі қамтылған. Нәтижесінде жалпы 6,3 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталған (немесе 67% қамтылғаннан), оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 5,4 млрд. теңге және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 897,6 млн. теңге.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жатқаны – 5,1 млрд. теңге (анықталған жолсыздықтардың жалпы сомасынан 94%, мемлекеттік сатып алу бұзушылықтар сомасын қоспағанда), олардан Департаменттің ден қою шараларымен жалпы қалпына келтірілгені және өтелгені – 4,8 млрд. теңге
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы сомада – 897,6 млн. теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталған.
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің 61 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 7 млн. теңгені құрап, олардың барлығыда бюджет кірісіне толығымен өндірілген.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2019 жылдың 1-ші тоқсанында анықталған заңнама бұзушылықтардың 5,6 млрд. теңге сомасында 10 мемлекеттік аудит материалдары жолданған.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде тәртіптік жауапкершілікке 49 аудит объектісінің лауазымды тұлға тартылған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен жүргізілетін аумақтық Департаменттердің қызметің бағалау кестесінің қорытындылара сәйкес 2019 жылдың 1-ші тоқсанында Департамент 2-ші орын алған.
Р.Ә. ХАЙДАР
Қызылорда облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің бөлім басшысы