Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу бойынша камералдық бақылау туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу бойынша камералдық бақылау туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14-бабында ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті белгіленіп, оның бірі болып тәуекелдерді басқару жүйесінің бірі болып камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыруы көрсетілген.
Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-VЗаңның 18 бабына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының бірі болып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыруда.
Жоғарыда көрсетілген Заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімдейді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде растайтын материалдармен қоса мемлекеттік аудит объектілеріне жолданады.Уәкілетті органнан хабарламасы тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісі орындауға тиіс.
2018 жыл басынан бері тоғыз айда, Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 28056 лоттар бойынша 313,4 млр. теңгеге камералдық бақылау жасалынып, нәтижесімен 721 лот бойынша 21,3 млр. теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында тапсырыс берушілерге хабарламалар жолданды.
Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзуға алдын ала жол берілмеу шаралары қолданылды.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасы-ның заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға әкеп соғады.
Аудит объектілерінің шығыс операцияларын тоқтату әрекеттерін қолдануға жеткізбеу мақсатында, Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен белгіленген тәртіп сақталуы керек екендігіне Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс берушілерінің назарын аударады.

Қызылорда облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің
бөлім басшысы, мемлекеттік аудитор
Өмірбаева Майра
20 қыркүйек 2018 ж. 1 188 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031