Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2019 жылдың 1-ші жартыжылдықта аудиторлық қызметінің көрсеткіштер»

«Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2019 жылдың 1-ші жартыжылдықта аудиторлық қызметінің көрсеткіштер»

Департамент тарапынан 2019 жылдың 1-ші жартыжылдықта103 аудиторлық іс-шаралар жүргізілген, оның ішінде 16,9 млрд теңге бюджеттің шығыс бөлігі қамтылған. Нәтижесінде жалпы 10,9 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталған (немесе 65% қамтылғаннан), оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 8,5 млрд теңге және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 2,4 млрд теңге.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге және қалпына келтіруге жатқаны 7,6 млрд теңге (анықталған жолсыздықтардың жалпы сомасынан 89,4%, мемлекеттік сатып алу бұзушылықтар сомасын қоспағанда), олардан Департаменттің ден қою шараларымен жалпы қалпына келтірілгені және өтелгені 7,4 млрд теңге
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралары бойынша аудит объектілерімен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедураларында жалпы сомада 2,4 млрд теңгеге заңнама бұзушылықтары анықталған.
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің лауазымды тұлғаларына қатысты 140 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, айыппұлдың жалпы сомасы 10,8 млн теңгені құрап, оның ішінен 10,7 млн теңгесі бюджет кірісіне өндірілген.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2019 жылдың 1-ші жартыжылдықта анықталған заңнама бұзушылықтардың 6,2 млрд. теңге сомасында 23 мемлекеттік аудит материалдары жолданған.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар негізінде тәртіптік жауапкершілікке 108 аудит объектісінің лауазымды тұлғалары тартылған, оның ішінде 1 лауазымды тұлға атқарып отырған орнынан босатылған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен жүргізілетін аумақтық Департаменттердің қызметің бағалау кестесінің қорытындыларына сәйкес 2019 жылдың 1-ші жартыжылдықта Департамент 2-ші орын алған.
Р.Ә. ХАЙДАР
Қызылорда облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің бөлім басшысы

19 қыркүйек 2019 ж. 1 041 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 72

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 73

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 71

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031