Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер анықталды

Бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер анықталды

Өткен жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты 5 министрлік толық игере алмады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,1, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,3, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,1 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 14 трлн 234 млрд теңгеге сомасына шығыстар жүргізілді. Орындалмау 241 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 224 млрд теңге - бұл Үкімет резерві бойынша үнемделген ақша және басқа шығыстар бойынша үнем. Игерілмеу сомасы - 15 млрд теңге», - деді министр.

Оның атуынша, игерілмеген қаражаттың неғұрлым ірі сомалары Ішкі істер министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Әділет министрлігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде қалыптасты. «Игерілмеудің негізгі себептері: өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы; төлем жөніндегі құжаттардың ұзақ келісуі; орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау; нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар, сот талқылаулары үшін ақы төлеу», - деді ол. Сонымен қатар Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес министрлік тиісті Әдістеме мен ақпараттық жүйені әзірлегенін атап өтті. «Қазіргі таңда 2015-2019 жылдар аралығында көрсетілген мемлекеттік қолдаудың 67 шарасы бойынша алдын ала деректер бар. Биыл тиімділікті бағалаумен қаржылық қолдаудың барлық шаралары қамтылады. Оның нәтижелері одан әрі бюджеттің сапасын жоғарылату үшін пайдаланылады», - деді ол.
12 қаңтар 2021 ж. 3 800 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 127

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 124

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 87

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031