Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі тұқымбақ жұмысымен танысты

Аудан әкімі тұқымбақ жұмысымен танысты

Қазалы қаласындағы «Ояз бағының» жанында сексеуіл мен түрлі талдардың көшеттерін өсіретін тұқымбақ орналасқан. Бұл мекеме Бурабайауданында орналасқан«Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК-ға тікелей бағынады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұқымбақтың жұмысымен танысу мақсатында арнайы ат басын бұрып, жайқала өсіп тұрған көшеттерді көзбен көрді.
Тұқымбақтың басшысы Мөлдір Валиеваның айтуынша тұқымбақта 13 түрлі ағаш отырғызылған. Оның ішіндегі қара сексеуіл Аралдың құрғаған ұлтанындағы құм көшкінін тоқтату үшін өсіріледі. Одан бөлек, құрғақ климатқа шыдамды, ыстыққа төзімді айлант, сумах, шығыс биотасы (туя восточная), кәдімгі өрік, қармала (гледичия), катальпа, айқын жапырақты үйеңкі (клен), жіңішке жапырақты жиде, терек, кәдімгі шаған (ясень), фисташки,жергілікті жүзім өсірілуде.
Тұқымбақтағы барлық көшеттер тамшылатып суару жүйесімен қамтамасыз етілген. Екпе көшеттерінің жағдайын жақсарту үшін органикалық тыңайтқыштармен байытылған қи қоспа бөлімі ұйымдастырылған.
2020 жылдан бастап Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарына ағаш түрлері тұқымына сапа куәлігін берумен айналысады. Мұнда ағаш түрлерінің тұқымдары зертханада сараптамадан өтіп, түрлі аурулармен, зиянкестермен зақымдану дәрежесі, тұқымның өңгіштігі, тазалығы, өміршеңдігі тұқымдарды өндіру және тұқымды бояу арқылы анықталып, алынған нәтиже бойынша 1-2-3 класс дәрежесі беріледі.
Қазіргі таңда тұқымбақ барлық арнайы агрегаттар мен техникалармен жабдықталған.
2020 жылы 3 гектар жерге қара сексеуіл тұқымын себу жұмыстары ұйымдастырылды. Тұқым теру Қазалы қаласынан 450 шақырым жерде орналасқан Қармақшы ауданындағы орман қоры аумағындағы Қармақшы орманшылығындағы №57, 58 телімдерінен жиналды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
03 маусым 2021 ж. 1 173 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 127

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 114

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30