Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет!

Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет!

Экология мәселесі барша жұртты алаңдатып отырған шақта табиғатты аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеу – ортақ міндетіміз. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету – барлық үлкен-кішінің абыройлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті деп білемін.
Біз тұратын аймақта жел көп соғады, сол себепті топырақтың тозуы сияқты проблема туындауы себепті, Оның шешімі - көгалдандыру, қоршаған ортаны таза ұстау, сенбілікке шығу.
Аталған іс-шаралар аудан тұрғындарының экологиялық тәрбиесіне әсер етіп, қоршаған ортаны аялауды үйретеді. Тұрғындардың жасаған ісі біршама ауыл тұрғындарына да оң әсер етіп, ауыл жастарының дұрыс бағытта өсіп келе жатқанын тағы да дәлелдегендей.
«Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік-батыс аймақ филиалы Арал теңізінің құрғаған ұлтанына қажетті қара сексеуіл көшеттік материалын өсірумен қатар жергілікті аймақты көгалдандыруға қажетті ағаш түрлерінде өсірумен айналысады. 2020 жылғы сатылымға шығарылатын біржылдық, екі жылдық және үшжылдық Қазалы қаласының топырақ рельефіне жерсінген, жазда болатын аптап ыстық ауа-райына, қышқыл жаңбырға, аңызақ желге төзімді, ешбір аурулармен зиянкестермен зақымдалмаған ағаш көшеттерінің тізімі мен сату бағасын ұсынамыз.
Біржылдық көшеттер - 1 түп көшеттің бағасы – 288 теңге. Терек - 2210 түп, сыр талы (плакающий ива) – 1000 түп;
Екіжылдық көшеттер – 1 түп көшеттің бағасы – 316 теңге. Айқын жапырақты үйеңкі (клен ясенелистный) – 15 000 түп, қарағаш – 2000 түп, катальпа – 100 түп;
Үшжылдық көшеттер –1 түп көшеттің бағасы – 355 теңге. Кәдімгі шаған (ясень обыкновенный) – 4500 түп, айқын жапырақты үйеңкі – 5000 түп, жіңішке жапырақты жиде (лох узколистный) – 1500 түп;
Қылқан жапырақтылар (хвойное растение) – оның ішінде шығыс бозаршасы(туя восточная) – 4472 теңге –100 түп.
М.С.ЖҰМАҒАЛИЕВ
«Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК
Оңтүстік батыс-аймақ филиалының тұқымбақ шебері
13 ақпан 2020 ж. 1 838 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031