Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сексеуілді зиянкестерден сақтайық

Сексеуілді зиянкестерден сақтайық

«Республикалық орман селекциялық орталығы» РМҚК Оңтүстік аймақ филиалының негізгі жұмыстарының бірі – құрғаған Арал теңізі табанын ормандандыруға арналған қара сексеуіл ағашының сапалы көшеттерін өсіру болып табылады.
Сексеуіл сеппелерін және отырғызу материалдарын өсірген кезде орман агротехникалық ережелерін қатаң сақтау қажет. Себу жұмыстарын қара сүр жерге жүргізген дұрыс, өйткені мұнда тамыр зиянкестері мен ауруларының алдын алудың маңызы жоғары.
Сексеуілге зиянын тигізетін негізгі факторлар (климаттан басқа) саңырауқұлақ аурулары насекомдары, кеміргіштер мен құстар. Өскіндерінің өсуін қамтамасыз ететін агротехникалық шаралардың бірі күзгі себу(өсімдік төзімділігі жоғарылайды).
Екпелер мен сеппелердің ауруларын болдырмау үшін сапалы сеппе және тікпе материалдарын қолдану керек, тамыр жүйесін 1% ТМТД сұйықтығымен дәрілеу, қажет болса химиялық әдістерді қолдану керек.
Сексеуіл өскіндерінің көп тараған ауруы ақұнтақ пен фузариоз.
Ақұнтақпен күресу үшін шілде-тамыз айларында 80% коллоидты күкірттің сус­пензиясын бүркеді. Кейде ұнтақталған күкіртті де қолданады. Екпелердегі ақұнтақ саңырауқұлағын ұнтақталған таза күкіртпен екі рет өңдеу арқылы жояды. Бірінші өңдеу мамыр айында (өсімдік ақ түске боялғанда), екіншісі 10-15 күннен кейін жүргізіледі.
Фузариоз, тат саңырауқұлақтарына қарсы сеппелерді бордосс сұйықтығымен сәуір-маусым айларында 4-6 рет бүркеді. Жұмыс сұйықтығы өңдер алдында дайындалады.
Сондай-ақ сексеуілге зиянын тигізетін қауіпті жәндіктердің 200-дей түрлері бар: шегіртке, жұлдызқұрт, түн көбелегі, бізтұмсық, зауза қоңыз, кене, бит, сымыр, біте тағы басқалары. Бұлар діңдер мен бұтақтарды, жасыл өскіндерді, генеративтік органдары мен тамырларын зақымдайды.
Кеміргіш және сорғыш зиянкестерге 80% техникалық немесе жібітілген ұнтақ хлорофос қолданылады. Бұл тікелей немесе ішкі мүшелерге әсер ететін орташа улы препарат. Сеппелерді, өскіндерді бүркуді тәуліктің салқын уақытында (кешке, таңертең, бірақ шық болмау керек), жел жылдамдығы 3м/с аспайтын кезде жүргізген тиімді.
Сексеуіл – шөл далаға төзімді өсімдіктер санатына жатады. Оның әсіресе Арал өңіріндегі құм көшкінін тоқтатуға, экологиялық жағдайды жақсартуға тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Олай болса сексеуілді түрлі зиянкестерден сақтауға барлық күш-мүмкіндіктерді жұмылдыра білгеніміз жөн.

Мөлдір ВАЛИЕВА,
«Республикалық орман селекциялық орталығы» РМҚК Оңтүстік аймақ филиалының орман инженері.
25 шілде 2018 ж. 3 147 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930