Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Таза қаланың тынысы кең

Таза қаланың тынысы кең

Тазалық – саулық кепілі. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау әр адамның азаматтық парызы. Бұл ретте қазалылықтар сенбілік жұмыстарына жұдырықтай жұмылып, өз үлестерін қосуда. «Үлкеннен – үлгі, жастардан – жігер» ұранымен жас жеткіншектер де ауқымды науқаннан қалыс қалмайды.
Әйтеке би кентінде осы жылдың 26 қыркүйегінде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бекіткен іс-шара аясында кент көлемі 7 аумаққа бөлініп, мекеме ұжымдары өздеріне бекітілген аумақтары бойынша тазалық жұмыстарын жүргізді. Осы аумақтарға аудан әкімдігі және де Әйтеке би кенті әкімдігі тарапынан жауапты мамандар бекітілген болатын. Сенбілік кезінде кент пен Қазалы қаласы аралығы, Мектепбай каналының аумағы, Әйтеке би-Басықара автожолы бойы, «Водокачка» елді мекеніне баратын жол бойы, Әйтеке би кенті, 6 квартал аумағындағы көлемі 210 гектар болатын учаскесіндегі жаңадан салынып жатқан 1 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер маңы, 5 кварталдағы «Қара май» көлінің аумағы және де қазақ қорымының аумақтарында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ашық алаңдардағы қоқыс қалдықтары тазаланып, шөптері шабылды. Бұл іске 4 техника мен 400-ге жуық адам күші тартылды. Нәтижесінде барлық аумақтар бойынша шамамен 250 шаршы метр тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы белгіленген орындарға шығарылды.
Көркейту-көгалдандыру жұмыстарынан үнемі қалыс қалмайтын қазалылықтар 19 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күні аясында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына да белсене қатысқан еді. Ол кезде аудан орталығы – Әйтеке би кенті 10 аумаққа бөлініп, әр аумаққа бекітілген жауапты қызметкерлердің бастауымен тазалық жұмыстары қарқынды жүрді.
Кенттің орталық көшелерімен қатар, шет аймақтары да назардан тыс қалған жоқ. Әсіресе тұрғындар қоқыс полигонына айналдырған «Мектепбай» учаскесі, «Водокачка» елді мекеніне баратын жол мен 5 кварталдағы қорымдардың айналасы, кенттің шығыс беткейіндегі теміржол асты көпірінің аймағы тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылды. Бей-берекет өскен шөптер шабылып, арықтар қоқыстан аршылды. Адамның күші жетпейтін жерлерге арнайы техникалар апарылды.
– Үйреншікті үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркеюіне көп үлесін қосуда. Сенбілік – көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Әр күн, әр ай тазалық күні, тазалық айы болуы тиіс. Әрбір өзін, отбасын сыйлайтын адам тазалық жұмыстарын жылдың барлық мезгілінде жүргізеді. Тұрғындар өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың қала тазалығына қосқан үлесі, – дейді осы іске жауапты мамандар.
Олардың айтуынша, сенбілік жұмыстары алдағы уақытта қараша айының ортасына дейін жалғасын табады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

03 қазан 2020 ж. 1 355 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930