Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Тұрғын үй құрылысында биылдың бірінші айында 801 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді, деп хабарлайды egemen.kz
  Бұл туралы Үкімет отырысында қаңтар айындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тақырыбын талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
  «Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2021 жылдың қаңтар айында 107 пайыз болды. Барлық өңірде оң динамика байқалады. Тұрғын үй құрылысында биылдың бірінші айында 801 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Яғни, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,4 пайыз болды», деді министр.
Оның айтуынша, еліміз бойынша барлығы 6 810 баспана пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 16 өңірде артты.
  «Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 16 өңірде артты. Тек Маңғыстау облысында тиісті көрсеткіш 67,6 пайызды құрады. Жалпы биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй құрылысы кезінде жергілікті қамту үлесін арттыруға тиіспіз. Бұл бизнес үшін құрылыс материалдарының отандық нарығын дамытуға қосымша мүмкіндік береді», деді Б.Атамқұлов.
  «Саладағы қажеттілікті айқындау мақсатында негізгі 24 позиция бойынша құрылыс материалдары нарығына талдау жүргізілді. Бүгінгі таңда отандық өндірушілер 10 тауар позициясы бойынша ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен өтей алады (темір-бетон бұйымдары, құрғақ қоспа, қабырға блоктары, кірпіш және т. б.). 11 позиция бойынша еліміздің кәсіпорындары шамамен 50 пайызды қамтамасыз етеді (жылу оқшаулау, профиль қаңылтыр, пластик құбырлар және т. б.). Ал линолеум, түсқағаз, санфаянс сияқты 3 позиция бойынша ішкі нарықта әзірге өндіріс жоқ», деді ведомство басшысы.


16 ақпан 2021 ж. 2 781 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 150

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031