Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда аяқсу мәселесі шешімін табады

Қазалыда аяқсу мәселесі шешімін табады

Тарихы тереңнен сыр шертетін Қазалы қаласының тұрғындары ежелден ауласына бау-бақша егіп, есігінің алдын жасыл желекке орап қояды. Күн жылынып, көктем жақындаған уақытта қала халқы есігінің алдын ретке келтіріп, арықтарын тазалай бастайды. Себебі ерте көктемнен бастап арықтарға су жіберіледі.

Қазіргі таңда Қазалы қаласында 3 су насосы жұмыс істеп тұр. Соның бірі қаланың батыс беткейінде орналасқан. Бұл күнде оның тозығы жетіп, істен шыққан. Бұл туралы Қазалы қаласының әкімі Рахметулла Ізтілеу аудан басшысына баяндады.

– Біз бұл су насосын жаңалау үшін жоба дайындап, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде. Осы арадан жазда балалар шомылатын арнайы орын дайындауды да жоспарлап отырмыз. Амандық болса көлемі 20х11 метр болатын орын дайындалады. Сонымен бірге жақын күндері тұрғындардың тарапынан көтеріліп келген Ш.Уәлиханов көшесіне лоток қою жұмыстары да басталады. Лоток Ү.Түктібаев көшесіне дейін орнатылады, – деді Рахметулла Жәдігерұлы.
15 ақпан 2021 ж. 2 568 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930