Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек пен спорт үйлесім тапқан бәсеке

Еңбек пен спорт үйлесім тапқан бәсеке

Кәсіби мереке қарсаңында аймақтар мен салалар бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде елдегі жетекші компаниялардың бірі – «Integra Construction KZ» ЖШС-і Астана қаласында өз қызметкерлері арасында дәстүрлі 5-ші Спартакиадасын ұйымдастырды. Теміржолшылар және құрылысшылар күніне орай ұйымдастырылған ауқымды спорттық дода тартысқа толы өтті.
Шілде айының 26-сы мен 31-і аралығында өткен бұл спорт мерекесіне Компанияға қарасты мекемелердің 18 командадан 500-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде компанияның бас директоры Мадияр Саттыбаев арнайы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі және ұжымдық бірліктің маңызын атап өтті. Спартакиада бағдарламасы жоғары деңгейде жоспарланған. Спорттың 10 түрі: футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, шахмат, киберспорт, қол күрес, арқан тарту, белка ойыны бойынша сайыстар ұйымдастырылды. Бес күнге созылған тартысты бәсеке нәтижесінде үздіктер анықталып, командалық және жекелей сын көрсеткіштері белгілі болды.Бұл тартысты додаға қатысқан мекемеміз футболдан – І орын, волейболдан – ІІ орын, үстел теннисі – ІІ орын, шахмат – ІІІ орын, қол күрес – ІІІ орын, арқан тарту – ІІІ орындарды иемденді. Сондай-ақ тоғызқұмалақ, қазақша күрес, киберспорт және белка сынды спорт түрлерінен де қатысушылар белсенділік танытып, өзара мықтыны анықтады.
Былтырғы жылы өткен Спартакиадада жалпы команда бойынша топ жарып І орын алған болатынбыз. Биыл 10 спорт түрінен жарыс болды. Жалпы командалық жарыста «Integra Construction KZ» ЖШС-нің 32 адам додаға қатысып, «Яксарт» команда атауымен Батыс дирекциясы ІІ орынға тұрақтады. Батыс дирекциясының атқарушы диекторы Даурен Сұлтамұратов дайындықты күнделікті бақылап отырып, өзі де футбол ойнады. Бір қызығы, футболдан өткен жылы «Integra Construction KZ» ЖШС-нің Оңтүстік дирециясына есе жіберген болатынбыз. Сол кеткен қателікті жігіттер түзеп, чемпион болған сәтті сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осы ойынымызға Компания басшылығы жоғары баға беріп, бас директор Мадияр Бейбітұлы 2026 жылдың қыркүйек айында Қонаев қаласында өтетін «QAZAQSTAN QYZMET SUPER CUP» корпоративтік шағын футбол турниріне және қазан айында өтетін Түркияның Анталия қаласында өтетін «EURO Business Cup 2026» додасына баруға рұқсат беріп, жүлделі орынды қанжығаға байлап келуімізге тілектестігін білдірді.
Айта кететін жайт, жарыстың жабылуына Компанияның бақылау кеңесінің төрағасы Қудрәт Шамиев пен бас директор Мадияр Саттыбаев сөз сойледі. Жарыс қортындысымен Мадияр Бейбітұлы жүлделі орын иелеріне қаржылай сыйақы табыстап, кубоктар, медальдар берілді. Сонымен қатар барлық спорт түрінен 1-ші орын алған жүлдегерлерді шет мемлекетке демалуға жолдама берді. Футбол мен волейбол тартысты өткені үшін Қудрәт Игнатұлы өз тарапынан І орынға – 5 миллион теңге, ІІ орынға – 3 миллион теңге, ІІІ орынға 1 миллион теңге ақшалай жүлде берді. Осы жарыстың басы-қасында жүріп ұйымдастырған барлық адамдарға, оның ішінде Данаш Мақсұтқызына, Самат Сарсебековке алғысымыз шексіз. Жарысқа қатысқан ойыншыларды Астана қаласының шет жағындағы демалыс орындарына апарып, кешке гала концерт қойылып, кешкі ас беріліп, от шашулар ұйымдастырылды.
Осы тартысты Спартакиаданың тікелей басы-қасында болып, әрбір жарыстың қызықты сәттері мен тартысына куә болдым. Бұл жай ғана спорттық дода емес, нағыз достық пен татулықтың алаңы болды. Әр әріптестің жеңіске деген жігері мен командалық рухы көз қуантты. Дегенмен, спорт болған соң қызығы мен өкініші де қатар жүретіні анық. Осы жолы төрт жыл қатарынан үстел теннисінен чемпион атанып, сырт елге шыға алмай қалғанымның да бір өкініші бар. Есесіне, әріптестеріміздің қуанышы мен тартысты бәсекелердің атмосферасы бұл кішкене олқылықтын орнын толтырып, ерекше әсер қалдырды.
Иә,мұндай спорттық шаралар қызметкерлердің салауатты өмір салтын ұстануына, ұжымның бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлес қосады. Теміржолшылар мен құрылысшылар күні қарсаңында өткен бұл Спартакиада еңбек адамдарының тек жұмыста ғана емес, спортта да озат екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Медетбек ЕРМАХАНОВ
12 қыркүйек 2026 ж. 16 0

Күлкі – көңіл айнасы

12 қыркүйек 2026 ж. 15

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930