Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы қаласындағы 1 көшеге лоток орнатылады

Қазалы қаласындағы 1 көшеге лоток орнатылады

Тарихы тереңнен сыр шертетін Қазалы қаласының тұрғындары ежелден ауласына бау-бақша егіп, есігінің алдын жасыл желекке орап қояды. Күн жылынып, көктем жақындаған уақытта қала халқы есігінің алдын ретке келтіріп, арықтарын тазалай бастайды. Себебі ерте көктемнен бастап арықтарға су жіберіледі.

Қазіргі таңда Қазалы қаласында 3 су насосы жұмыс істеп тұр. Соның бірі қаланың батыс беткейінде орналасқан. Бұл күнде оның тозығы жетіп, істен шыққан. Бұл туралы Қазалы қаласының әкімі Рахметулла Ізтілеу аудан басшысына баяндады.

– Біз бұл су насосын жаңалау үшін жоба дайындап, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде. Осы арадан жазда балалар шомылатын арнайы орын дайындауды да жоспарлап отырмыз. Амандық болса көлемі 20х11 метр болатын орын дайындалады. Сонымен бірге жақын күндері тұрғындардың тарапынан көтеріліп келген Ш.Уәлиханов көшесіне лоток қою жұмыстары да басталады. Лоток Ү.Түктібаев көшесіне дейін орнатылады, – деді Рахметулла Жәдігерұлы.

– Бұл насос қаланың қанша пайызын аяқ сумен қамтамасыз етеді?

– 50 пайыз.

– Мұны мен бекерден-бекер сұрап отырған жоқпын. Себебі бұл жұмыстарды тездетіп бастамасаңыздар, арты айқайға ұласып кетуі мүмкін. Ертең күн жылынған уақытта халыққа аяқ су қажет болады. Сондықтан аяқ су беретін маусымға дейін жұмыстар толық аяқталу қажет. Ең бірінші кезекте жұмыстың сапасына мән беріңіздер. Сондықтан күндіз-түні бақылауға алып, жауапты қызметкерді бекітіңіздер. Жазда балалар шомылатын орын дайындап жатқандарыңыз өте орынды. Бірақ біз балалардың қауіпсіздігін ұмытпауымыз қажет. Шомылатын орынның тереңдігін 1,2 метрден асырмаңыздар. Сондай-ақ, ол пайдалануға берілгенде бір адамды бекітіп қою қажет, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
14 ақпан 2021 ж. 2 383 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031