Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖИ-ды пайдаланбайсыз ба? Қазақстанда компаниялар үшін жаңа есептілік енгізілмек

ЖИ-ды пайдаланбайсыз ба? Қазақстанда компаниялар үшін жаңа есептілік енгізілмек

Фото:depositphotos.com
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кәсіпорындардағы жасанды интеллектінің қолданылуы туралы жаңа жылдық статистикалық есептілік енгізіледі. Компаниялар ЖИ-ді пайдаланатын-пайдаланбайтынын, оның не үшін қолданылатынын және қандай тиімділік беретінін хабарлауы тиіс, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жаңа ережелер Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 24 тамыздағы бұйрығымен бекітілді. Құжат бойынша "Кәсіпорындарда жасанды интеллектіні пайдалану туралы есеп" атты 1-ЖИ статистикалық нысаны енгізіледі.
ЖИ-ді пайдаланбайсыз ба? Себебін түсіндіруге тура келеді
Есеп беру міндеті бірқатар саладағы жұмысшылар саны 100 адамнан асатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына, өкілдіктеріне және басқа да оқшауланған бөлімшелеріне қатысты болады.
Айта кетерлігі, ЖИ-ді пайдаланбайтын кәсіпорындар да тиісті бөлімді толтыруы керек. Оларға екі негізгі себепке дейін таңдау ұсынылады. Нұсқалар арасында қаржыландырудың, білікті мамандардың, сапалы деректер мен есептеу қуаттарының жоқтығы, нарықта дайын шешімдердің тапшылығы, әкімшілік кедергілер, ЖИ мүмкіндіктері туралы ақпараттың аздығы және оның қауіпсіздігіне қатысты күмән бар.
Сондай-ақ компания ЖИ-ді жақын арадағы екі, 5 немесе 10 жылда енгізуді жоспарлайтынын немесе мүлдем жоспарламайтынын көрсетуі қажет.
Компаниялар ЖИ-дің қандай түрлерін қолданады?
Егер кәсіпорын ЖИ-ді қолданып жүрсе, ол пайдаланылатын технологиялар мен олардың қолдану бағыттарын көрсетуі тиіс. Нысанда, атап айтқанда, машиналық және терең оқыту, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру, ЖИ-агенттер, роботтар және шешім қабылдауды қолдау жүйелері қарастырылған.
Сонымен қатар, компаниялар ЖИ-дің қандай бизнес-процестерге тартылғанын айтуы керек.
Жекелеген тармақтар ЖИ-ді дамыту стратегиясына, бұған жауапты қызметкерлерге, инфрақұрылымға және деректермен жұмыс істеуге, бұлтты технологияларға, мамандарды даярлауға, қауіпсіздік пен этикалық принциптердің сақталуына арналған.
ЖИ-ді ақшалай және тиімділік тұрғысынан бағалау қажет болады
Есептің тағы бір қызықты блогы - ЖИ-ді енгізу нәтижелері. Кәсіпорындарға жасанды интеллектіні қолдану өнімділікке, шығындарға, операцияларды орындау мерзіміне, табысқа және басқарушылық шешімдердің сапасына әсер етті ме, соны бағалау ұсынылады.
Есепті қашан тапсыру керек?
1-ЖИ нысаны жылына бір рет - есепті кезеңнен кейінгі 25 ақпанға дейін (қоса алғанда) тапсырылады.
Бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетіндіктен, кәсіпорындар алғашқы есепті 2027 жыл үшін 2028 жылғы 25 ақпанға дейін ұсынуы тиіс.
11 қыркүйек 2026 ж. 18 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930