Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы құндылықтары – қоғамның берік негізі

Отбасы құндылықтары – қоғамның берік негізі

Қыркүйек айының екінші жексенбі – Отбасы күні қарсаңында «Әділет» партиясы Қазалы аудандық филиалының бастамасымен Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласындағы көпбалалы және аз қамтылған бірқатар отбасылардың жағдайы зерделеніп, ұсыныс-тілектері тыңдалды.
Шараға «Әділет» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Нұрғиса Жалғасбаев, партия филиалының Әйелдер қанатының төрайымы Роза Асанова және мүшесі Жанар Қайназарова қатысты.
Партия өкілдері отбасылардың жағдайымен танысып, олармен еркін форматта әңгімелесті. Атаулы әлеуметтік көмек алу, алимент өндіру, тұрғын үймен қамту секілді мәселелер назарға алынды.
Сонымен қатар мереке қарсаңында отбасыларға азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Жалпы, партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әйелдер мен балалардың әл-ауқатына назар аудару және әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамай, нақты қолдау көрсету. Бұл бағыттағы жұмыстар партия жанындағы Әйелдер қанатының бастамаларымен де жүйелі түрде жалғасып келеді.
Осы бағытта ұйымдастырылған шара көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, олардың мәселелеріне назар аударудың нақты бір көрінісі болды.

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет
11 қыркүйек 2026 ж. 47 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930