Астанада күз, Алматыда жаз: демалыс күндері екі мегаполисте ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 12, 13 және 14 қыркүйекте мегаполистерде ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.
Болжамға сәйкес, демалыс күндері елордада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпіні секундына 23 метрге дейін жететін күшті жел соғады деп күтіледі. Ал Алматыда жазғыдай жылы болып, ауа температурасы +32 градусқа дейін көтеріледі.
Астанадағы ауа райы
12 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +20...+22 градус.
Толығырақ
13 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, күндіз кей кездері секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +19...+21 градус.
14 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +16...+18 градус.
Алматыдағы ауа райы
12 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +30...+32 градус.
13-14 қыркүйекте күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +29...+31 градус.
Жылы күндер аяқталуға жақын: циклон Қазақстандағы ауа райын өзгертеді
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда жылы ауа райы демалыс күндерінен бастап қайта бастайтынын хабарлаған болатын. Елдің басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны келеді: ол жаңбыр, кей жерлерде найзағай мен желдің күшеюін әкеледі, ал солтүстік пен орталықта температура едәуір төмендейді. Толығырақ осы жерден оқыңыз.









