Білім беру саласындағы өзекті мәселелер қаралды
Фото: Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметіКеше облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжановтың төрағалығымен білім беру саласындағы өзекті мәселелерге арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Жиынға басқарма басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары, қала және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық білім беру ұйымдарының басшылары, колледж, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.
Алқа отырысында білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің сапасы, қаржының тиімді игерілуі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметі, жылыту маусымына дайындық, білім алушыларды әлеуметтік қолдау, мектептерде ыстық тамақты ұйымдастыру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына қатысты мәселелер жан-жақты қаралды.
Сонымен қатар, әрбір бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың орындалу барысы сараланып, білім беру ұйымдарының қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған өзекті міндеттер айқындалды.
Жиын қорытындысы бойынша күн тәртібінде қаралған мәселелерге сәйкес жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеліп, олардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.
Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі













