Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруасы шираған қожалық

Шаруасы шираған қожалық

Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіп ашамын деушілерге қолдау көрсетіліп, түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы жан-жақты қызмет атқаруда. Оның игілігін Ақтан батыр ауылының тұрғыны Асылхан Бисенов көріп отыр. Ол осы жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамынан құны 5,3 миллион теңге несие рәсімдеп, 14 бас жылқы сатып алды.
Еңбекқор кәсіпкер осыдан 4 жыл бұрын қыс айында «Табанкөл» шаруа қожалығын құрған болатын. Сол уақыттан бері сиыр мен жылқы басын ұлғайтуға ден қойған. Оларды күтіп-баптау мақсатында арнайы жер учаскесін жалға алып отыр. Көларық ауылдық округіне қарасты “Табанкөл” учаскесінен ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін көлемі 60 гектар жерді пайдалану құқығы бар.
Қазір шаруа қожалықтың есебіне 62 бас мүйізді ірі қара, 53 бас жылқы тіркелген. Жалпы Асылхан Сейілханұлы ата кәсіпті жаңғыртып, жайылымда ірі қара басын көбейтуді мақсат тұтқан. Ал малының еркек төлдерін бордақылап, сойып сатуға ниетті.
– Жаның қалаған кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін оның қыр-сырын меңгеру керек. Бастапқыда қиындықтар кезігер. ­Бастысы, жобаңызды тереңінен зерделеп, қаржыны мақсатты жұмсай білсеңіз, еңбегіңіз зая кетпесі анық. Бүгінде кез келген шаруа үшін «Қарапайым заттар экономикасы» жобасының тиімділігі зор. Жеңілдетілген пайыз несиелерін алып, жұмыс істеп жатқандар баршылық. Мен де тәуекелге бел будым. Енді алға қойған ауқымды жоспар жетерлік, – дейді кәсіпкер.
Оның айтуынша, еттің сапасы мен сіңімділігі малдың қоңдылығына байланысты. Сондықтан малды етке тапсырар алдында оны жайып, семіртеді немесе бордақылайды. Негізінен малды жайып ceмірту – еңбекті аз қажет eтетін және оңай iскe асырылатын іс. Күн сәулесі, таза ауа, көк шалғын малдың тез қоңдануына үлкен әсер етеді.
Сонымен қатар жайып семіртілген мал етінің сапасы, басқа бордақылау түрлеріне қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Жақсы жайылымда еңбекті дұрыс ұйымдастырған жағдайда жылқы мен сиыр тәулігіне 700-800 грамм салмақ қосады.
Малды бордақылау азық қорына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Табиғи жайылымды пайдалану, мұнымен қатар құрама жеммен немесе шөппен үстеп қоректендіру, ­байлауда құрама жем пайдаланып семіртуге болады. Етке тапсырылатын малды табыннан бөліп, бөлек үстеп азықтандыру маңызды.
Жылқы – ерекше күтімді қажет ететін жануар. Ол кез келген шөпті жемейді. Жылқыны семірту үшін оған жоңышқа мен жем берген дұрыс. Кейбіреулер жүгеріні арнайы үгітіп береді. Сондай-ақ жүгеріні бұқтырып тұтынатындар да бар.
– Кез келген малды дұрыс күте алса, уақытында жем, суын берсе, аз уақытта қоңданып шыға келеді. Жылқы мен бұқаны қорада жем-суын беріп, жатқызбай ұстаған жөн. Тек түрегеліп тұру қажет. Бұқаға аралас жемнен бөлек, езілген күнбағыс берген жақсырақ. Ол жылқыға қарағанда жем талғамайды, бәрін жей береді. Бірақ оған шөпті аз салып, тек кешке күйіс қайтару үшін жоңышқа берген дұрыс. Мысалы, 1,5 жасар сиырды бір-екі ай жақсылап күтсең, 80-90 келі салмақ қосады. Суды жемнен бұрын немесе жем жегеннен кейін екі сағаттан соң беру міндетті. Мал жемнен кейін су ішсе, салмақ қоспайды, – дейді Асылхан Бисенов.
Етке тапсырылатын мал жайылымда семіртіліп, тек қана етке тапсырар алдында қысқа уақыт бордақыланылады. Ал жайылым жеткіліксіз болса, етке тапсырырылатын жарамсыздыққа шыққан сиыр және еркек малды қорада байлап баптайды. Азық қорына байланысты арнайы мал бордақылау шаруашылықтарының да мал өcipyдегі өз тәсілдері бар дейді ақтанбатырлық кәсіпкер.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
18 шілде 2020 ж. 728 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930