Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазағымның жырысың сен...

Қазағымның жырысың сен...

Қоғамдағы ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау, қайта жаңғырту идеясының төңірегінде шілденің алғашқы жексенбісін ұлттық аспабымыздың төл мерекесіне айналдыру туралы шешім мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлығымен ағымдағы жылы 13 маусымда белгіленген болатын. Осы орайда, барша қазақ елі биыл алғаш рет 1 шілдеде Ұлттық домбыра күнін атап өтті.
Қазалы қаласында ұйымдастырылған «Шағала» жазғы тынығу лагерінде «Қазағымның жырысың сен – домбыра» атты мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов жиналғандарға жылы лебізін арнады. «Домбыра – қазақ елінің көнекөз шежіресі. Ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Халқымыздың жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күнін бүкіл ел болып тойлаудамыз. Ұлттық кодымызды жаңғыртуға бағытталған мерекенің біздерге, ұрпағымызға берері мол», – дей келе, бабалардан мирас болған күй өнерін жандандырудың маңыздылығын ерекше атады.
Бұл күні күйшілер күмбірлетіп күй ойнап, термешілердің көмейінен жыр төгілді. Өнерпаздар орындаған дәстүрлі әндер тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Сахнада өнер көрсеткен жас домбырашылар көрермендерді ерекше сүйсінтті.
«Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып отыр. Ежелде қазақтың тарихын баяндаған қасиетті қара домбыраны әр қандасымыз төріне іліп қойса, ол біздің елімізге, ұлтымызға деген үлкен құрмет. Қос ішектен төгілген жыр- терме, күй жүректерді жылытып, көңілді толқытпай қоймайды», – дейді термеші Едіге Айдаров.
Ұлтымыздың ұлы мұрасы – киелі қазақ домырасының төл мерекесі жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын таппақ.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

03 шілде 2018 ж. 1 369 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930