Ұлттың үні – домбыра
Қазақтың музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлттық аспабы – домбыра. Қасиетті қара домбыраның аты қазақпен қатар аталады. Қос ішекті аспаптан шыққан күмбірлеген дыбыс терең ой-толғауларды сөзден артық жеткізе алады.
2007 жылы отандық ғалымдар мемлекет пен халықтың рухани дамуына, соның ішінде қалыптасуына ықпал еткен 7 ерекше мәдени құбылысты анықтаған. Бұл тізімге домбыра да кірді. 2010 жылы домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.
Тарихи мәліметтерде домбыраның 4 мың жылдық тарихы бар екендігі жазылады.
Қазақ халқы домбыраны көне заманнан бері қуанышта да, қайғыда да бірдей қолданып келеді. Аспаптың үнімен елдің тарихын, салт-дәстүрін, мызғымас құндылықтарын жеткізген. Домбырада ойнау өнері мен күйлер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып отыр. Бүгінде жеткіншектерді ұлттық аспапта ойнауға баулитын үйірмелер, музыкалық мектептер жетерлік. Солардың бірі – Қазалы қалалық мәдениет үйіндегі терме үйірмесі. Үйірмеге қатысамын деушілерге жас шектеуі қойылмайды. Жетекшісі Едіге Айдаров. Қос ішекті домбыраның құлағында ойнайтын өнерпаз Қожабақы ауылының тумасы. «Айдаровтар» отбасылық ансамблінің құрамында Қызылорда қаласындағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қазақ ұлт аспаптарымен өнер көрсетіп, Ерімбет Көлдейбекұлының 170 жылдығына арналған «Жыр дүлділі – Ерімбет» атты аудандық жыршы-термешілер байқауында үшінші дәрежелі диплом иеленді. Оның репертуарында сыр сүлейлерінің терме, жыр-дастандары көп. Ол белгілі термеші Жасталап Оңдабаевтың шәкірті.
Үйретері көп үйірменің жұмыс барысын білмекке хабарласқанымызда:
– Домбыра – қазақтың жаны, ұлттың байлығы. Рухани кемелденуіміздің бірден бір жолы – ұлттық құндылықтарды ұлықтау. Аспаптың сүймелдеуінде жыр орындап, төкпелетіп терме орындауға, күмбірлете күй шертуге болады. Тактикасы мен орындау техникасына қарай шертпе және төкпе күй деп бөлінеді. Төкпе драмалық оқиғаларды, жауынгерлік, күшті бейнелерді жеткізеді. Шертпе күйлер әлдеқайда еркін, олар өзіндік импровизациямен ерекшеленеді, адамның терең сезімдерін жеткізіп, әйелдің нәзік бейнесін сипаттайды.
Ал терме қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық өлең. Ол нақыл сөз үлгісінде құрылып, әдетте өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болып келеді. Ырғақтық құрылысы жағынан жеті-сегіз буынды жыр үлгісінде айтылады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жедел қарқынмен дами бастаған. Терме пішіні мен мазмұны толғауға біршама жақын. Толғауда қоғамдық-әлеуметтік сарындар басым болады. Термеде көбіне күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты жайт сөз болады, – деген Едіге Айдаров жастардың домбыраға деген қызығушылығы артса екен деген тілегін жеткізді.
– Домбыра үйрену оңай емес. Қиын тұстары жолығады. Дегенмен шыдамдылық танытып, үйірме сабақтарынан қалмаса, бойында таланты бар балаға ешбір кедергі жоқ. Қазір уақытша үйірме жұмысы тоқтап тұр. Алайда елдегі жағдай тұрақталған соң қайта жанданады деген үміттеміз. Бар білгенімді кез келген шәкіртке үйретуге дайынмын, – дейді үйірме жетекшісі.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА