Қазақстанда “Ұмай“ ипотекасына өтінім қабылдау басталды. Екінші транш туралы не білу керек?
"Ұмай" ипотекасы - бағдарлама шарттары
Әйелдер ипотекасының шарттары өзгеріссіз қалды:
- жылжымайтын мүлік сатып алуға берілетін қарыздың максималды сомасы - 50 миллион теңге;
- жылжымайтын мүлікті жөндеуге берілетін қарыздың максималды сомасы - 15 миллион теңге;
- пайыздық мөлшерлеме - жылдық 14,8 пайыз (ЖТСМ 16,3-тен 16,8 пайызға дейін);
- бастапқы жарна: ірі қалаларда - 20 пайыз, өңірлерде - 15 пайыздан бастап.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- отбасының максималды табысы - 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс;
- сатып алынған немесе жөндеу жүргізілетін тұрғын үйде міндетті түрде тұру;
- кейінгі алты айдағы төлем қабілеттілігін растау.
Отбасы банк табыс ретінде мыналарды да қарастыра алады: жалдамалы жұмысшының пайдасы, зейнетақы, шәкіртақы, отставкадағы судьялардың ай сайынғы өмір бойғы қамтылымы, ай сайын немесе тоқсанына бір рет төленетін зейнетақы аннуитеті бойынша сақтандыру төлемдері, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстар.
Қажет болған жағдайда қосалқы қарыз алушыны тартуға болады.
"Ұмай" ипотекасына қалай өтінім беруге болады?
Өткен жолы, 2026 жылғы 31 тамызда қазақстандық әйелдер сайттағы келушілердің көптігінен техникалық іркілістер болып, өтінімді онлайн бере алмағандарына шағымданған еді. Бұл жолы Отбасы банк өтінім беру тәсілдерін кеңейтті:
1. Бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейтін Отбасы банк кеңесшілері арқылы. Олар сұрақтарға жауап беріп, төлем қабілеттілігіне алдын ала бағалау жүргізеді және өтінім беруге көмектеседі. Өз қалаңыздағы кеңесшіні банк сайтынан таңдауға болады. Маманды таңдау кезінде оның екі қызметті көрсете алуы маңызды: "Төлем қабілеттілігін алдын ала бағалау" және "Несие алуға құжаттар қабылдау".
2. Өз бетінше онлайн түрде - "Бейне-қызмет көрсету" сервисі арқылы өтінім беруге болады. Оператор кеңес беріп, сұрақтарға жауап береді және өтінімді онлайн қабылдайды. Ол үшін электронды құжаттардың болғаны жеткілікті.
3. Офлайн - банктің бөлімшесінде.
Әйелдер ипотекасы мен бағдарлама шарттары туралы толығырақ мына жерде жазған болатынбыз: “Ұмай“ ипотекасына өтініш не себепті қабылданбауы мүмкін және оған қалай дайындалу керек? Онлайн-калькулятор












