Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мәдениет үздіктері марапатталды

Мәдениет үздіктері марапатталды

Кез келген мемлекеттің дамуына мәдениеттің қосар үлесі зор. Мәдениеті мықты дамыған елдің еңсесі биік, рухы жоғары болады. Осыған орай аудан әкімдігінде мәдениет және өнер саласы ардагерлерінің қатысуымен жиын өтті. Онда аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов өнерпаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
–Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлт санасын жаңғырту мен қазақстандық мәдениетті көтеруде өнер-мәдениет саласының қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеді. Тіл мен музыка, әдебиетпен ұштасқан ұлттық рух бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Қазыналы Қазалы жері ежелден өнер қонған киелі қоныс. Қасиетті топырақта талай айтулы өнер тұлғалары өсіп-өнді. Қазалыда туылып, бүкіл қазақтың атын шығарған Р.Бағланова, М.Ерәлиева, К.Дүйсекеевтің жолын жалғастырып, өңірдің өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар аз емес. Киелі өнер жолында туған жердің атын шығарып, биік тұғырдан көрініп жүрген жерлестер де жетерлік.
Мұның барлығы сала қызметкерлерінің тынымсыз еңбектері мен ізденістерінің нәтижесі. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймын, – деді Ә.Жарылқағанов.
Мерекелік басқосуда ҚР мәдениет қайраткері Орақ Баубеков, мәдениет саласының ардагерлері: Ұлжан Ахметова, Жанділдә Баймұратов, Мәдениет саласының үздігі Арман Әуез алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов бірқатар мәдениет саласының ардагерлері мен үздік қызметкерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА


21 мамыр 2018 ж. 2 153 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031