Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мәдениет қызметкерлері марапатталды

Мәдениет қызметкерлері марапатталды

Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Шараға келгендер аудандық орталық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Мәдениет – мәңгі, өнер – өміршең» атты кітап көрмесі және кітап инсталляциясымен танысты.

Елбасы Жарлығымен 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызмет­керлерінің күні болып бекітілді. Бұл – шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің көрінісі. Осы айтулы мерекеде аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сала мамандарын құттықтады.
– Кез келген мемлекеттің, қоғамның қалыптасуы мен дамуына мәдениеттің қосар үлесі зор. Өйткені, қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Шын мәнінде, Тәуелсіз елдің рухани байлығын арттырып, ертеден келе жатқан асыл мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде, төл өнерді халықаралық деңгейде танытуда зиялы қауымның, оның ішінде мәдениет пен өнер саласы өкілдерінің алар орны ерекше.
Ауданның бүгінгі қол жеткізген жетіс­тіктерінде әрқайсыңыздың үлес­теріңіз бар екені анық. Өнер деген үлкен керуен. Ал керуеннің үнемі жол үстінде жүретіні белгілі. Олай болса, жауапты жұмыстағы баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, сарқылмас шабыт, жетіс­тіктер тілей­мін, – деді ол.
Аудан басшысының мәлім­деуінше, салаға бөлінетін қаржының көлемі де жылдан-жылға көбейіп келеді. Негізінен қаражаттың басым бөлігі мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық-техни­ка­лық базасын нығайтуға жұмсалуда. Биыл бірнеше мәдениет үйі мен клубтарға сахналық киімдер мен музыкалық аспаптар алынды. Мә­дениет ошақтары рет-ретімен жаңа­ланып, жөндеу жұмыстары жүр­гізілуде. Қазір аудан орталығынан 600 орындық мәдениет үйі салынып жатыр.
Бүгінгі таңда осы салада 200-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Қазалының қасиетті топырағынан талай айтулы өнер тұлғалары өсіп-өнді. Қазір де киелі өнер жолында туған жердің атын шығарып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген жерлестер жетерлік.
Мерекелік салтанатта мәдениет саласында еңбек етіп, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанат соңы облыстық, респуб­ликалық, халықаралық байқау жеңім­паздарының кон­церттік бағдар­ламасына ұласты.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ

25 мамыр 2019 ж. 3 275 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 60

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 59

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 102

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 118

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031