Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылғы пітір садақаның мөлшері бекітілді

2020 жылғы пітір садақаның мөлшері бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қасиетті Рамазан айында пітір садақаның мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Stan.kz.
Биыл пітір садақасының мөлшері 370 теңгені құрайды. Бұл шешім Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төралқасының отырысында қабылданды.
Пітірді Рамазан айы аяқталғанша төлеуге болады. Зекеттің мөлшері ұнның өзіндік құнына қарай есептеледі. Былтыр бұл сома 300 теңгені құрады.
ҚМДБ атап өткендей, қаржылық жағдайы жақсы адамдарға пітірді мейіз немесе құрманың бағасындай етіп төлеген жөн.
Төралқа отырысы онлайн режимінде өтті. Оған наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ аппаратының жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, басқарма бөлімдерінің басшылары және қалалар мен аудандардың бас имамдары қатысты.
ҚМДБ шариғат және пәтуі бөлімі басшысының орынбасары Хасан Аманқұлов садақа көлемін анықтаудың маңыздылығы туралы баяндама жасады.
Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 24 сәуірден басталады.
Бұған дейін бас мүфти төтенше жағдай кезінде тарауық намазы (Рамазан айында парыз болған түнгі намаздан кейін таң намазына дейін жалғасады) мешітте жамағатпен бірге оқылмайтынын айтқан.
«Біз барлығына тарауық намазын отбасы мүшелерімен бірге оқуға кеңес береміз», - деп атап өтті Наурызбай қазы.
Мешіттерде, асханаларда және қоғамдық орындарда коронавирустық инфекцияның таралмауы үшін ұжымдық ауызашарлар уақытша өткізілмейді.
17 сәуір 2020 ж. 915 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031