Бас ұстаудың байыбын білсек ...
«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші салт-дәстүрден этностың мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, зейін-зердесі, даналығы мен даралығы шешендігі мен тапқырлығы, ақыл-ойы, сондай-ақ жаратушы мен жаратылысқа, өзін қоршаған жанды, жансыз әлемге байланысты моральдық, танымдық этникалық көзқарастары көрінеді.
Жасыратыны жоқ Кеңес Одағы кезіндегі жүргізілген солақай саясаттың кесірінен көптеген ұлттық үрдістер жоғалып, кейбірінің өзгеріске ұшырағанын мойындаймыз.
Құдайға шүкір қазір зейнеткерлік кезеңді бастан өткізудемін. Ағайын той-томалаққа шақырған соң қонақ ретінде қатысамын. Сондай бір шақырыспа кезінде ауданға белгілі қадірлі қариямен дастарқандас болдым. Үлкен ас үстінде үй иесі бас тартты. Жаңағы ақсақал бастан пышақтың ұшымен ауыз тиді де, қасындағы отырған қонаққа жылжытты. Ол да сол әдісті жасады. Аталған әрекет жалғасып, табақтағы бас дастарқанның төрінен есік жақтан бір-ақ шықты.
Мен де кеңестік дәуірдің түлегімін. Жасым келсе де білгенімнен білмейтінім көп екенін мойындаймын, білуге деген талпыныс, ізденіс бар. Сондықтан аталмыш мәселе салтымыз бойынша негізінде қалай болу керек?
Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» кітабында мынадай үзінді келтіреді. «Қонақтар кеткен соң жаңалап шай жасап, енді өзіміз дастарқан басына отырдық. Байқаймын атаның (Бауыржан Момышұлы) қабағы салыңқы. Бір кезде:
– Дастарқаның толымды, астарың дәмді болды. Әсіресе «ұмытылған тамақ қой мыналар» деп әсіп пен сүт құйған өкпе оларға өте ұнады. Бірақ соның бәрін жіберген төрт қателік жуып кетті. Қонақтар оны байқады-байқамады дей алмаймын. Ал мен анық көрдім, – дегенде дымым ішіме түсіп, көзім қарауытып кетті. Бүріскенім соншалық: құрттай тесікке сыйып-ақ кетер едім.
– Ол не, папа? – деп Бәкең әкесіне қарады. Бірақ ата маған қарап арнайы сөйледі:
– Біріншіден, есі дұрыс қазақтың әйелі қонаққа бас көтеріп кірмейді. Жаман-жақсы болсын бас иең аман. Екінші қателігің – басты шүйде жағымен әкелдің. Қой шүйдесі емес, тұмсығын алға беріп жүреді. Үшіншісі – бастың тісін қақпай әкелдің. Бұл ең алдымен тазалық. Қой тісінің түбінде не жатқанын қайдан білесің.
Қазақ талай нәрсені ым, тұспал, ишара арқылы білдерген текті халық. Сыйласып жүрген екі адамның біреуі әлденеге ренжіп, бірақ соны «сөз көбейер» деп айта алмай жүрсе, өзі ренжіп жүрген адамы үйіне келгенде етпен бірге алдына тісі қағылмаған басты қояды. Сонда бас ұстаған адам «ә-ә, мынаның ішінде маған деген бір қыжылы бар екен, тісін басып жүріпті-ау» деп ұға қояды. Ары қарай реніштің түйінін шешіп, түсінісуге бет түзейді. Ал төртінші қателігің – басты қасқаламай әкелдің. Талайлар мұның мәнін ұқпайды. Ол – «төрт құбылаң тең болсын, маңдайың ашық болсын» деген ізгі тілек...»
Басты бас табаққа салып, сыйлы қонаққа немесе жасы үлкен қарияға ұсынады. Ол басқа бата жасайды. «Бісміллә» деп басты езуінен бастап кеседі. Одан соң оң құлағын сол үйдің баласына береді. Кейде үй иесі бастың оң құлағын кесіп әкеледі. Ондайда қойдың сол құлағын дастарқан басындағы жасы кішіге ұсынады. Себебі қойдың құлағында береке бар деп ырымдайды. «Береке жас баланың басына қонсын» деп жас өскінге ұсынады.
Басты жапырақтап кесіп, айнала отырғандарға береді. Бұл – басымыз аман болсын, несібеміз, ырысымыз бір болсын деген ырым. Қойдың көзін тек бір адамға ұсынады. Екі адамға ұсынса бір-біріне ала көз болып, «өшігеді» деген наным қалыптасқан.
Аңыздарда қой Меккенің топырағынан жаралды делінеді. Меккенің шөбін жеп, зәмзәм суын ішкен екен. Сондықтан оның тілі, таңдайы езуі қасиетті саналады. Қойдың тұмсығын үй иесіне қалдырады. Шаңырағына мұрындық болсын деген ырым. Қонақтардың біріне «Шешен бол» деп тілін, екіншісіне «Күміс көмей әнші бол» деп таңдайын береді. Қойдың езуін жегенде «езуімізден май кетпесін» деп ырымдайды.
Әкесі отырған жерде баласы бас ұстамайды, ол әдепсіздік саналған. «Бас ұстау атаңнан қалған, жамбас сыйлау қазақтан қалған» деп бабалар айтқандай, сыйлы қонақтарымыз бас ұстасын, десе де біздікі ретесін біле жүрейік деген тілек қана.

Кемал КӨПЖАСАР,
қаржы-салық саласының ардагері
қаржы-салық саласының ардагері