Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » New York Film Academy грант беру бойынша конкурс жариялады

New York Film Academy грант беру бойынша конкурс жариялады

Фото: canva
Аталған байқау креативті индустрияға қызығушылығы бар жастарға арналған. New York Film Academy Қазақстаннан таланттар іздейді. Energo University жанындағы Dala.edge креативті технологиялар паркі Қаскелен қаласында орналасқан New York Film Academy (NYFA) кампусында оқуға арналған арнайы гранттар конкурсын жариялайды.
Бағдарлама аясында «3D-анимация және визуалды эффектілер» мен «ойын дизайны» бағыты бойынша 100 және 50 пайыздық грант  ұсынылады. Байқауға қатысу үшін үміткер креативті жұмыс дайындауы тиіс. Сондай-ақ 2025 жылдың 1 тамызына дейін Қазақстандағы New York Film Academy кампусының kaz.nyfa.edu ресми сайты арқылы өтінім беруі қажет. Өтінім жолдаған барлық талапкер байқауға қатысушы ретінде автоматты түрде тіркеледі. Гранттық жоба NYFA халықаралық дипломын шетелге шықпай-ақ алуға бірегей мүмкіндік береді. Оқуын сәтті аяқтаған түлекке Нью-Йорк пен Лос-Анджелестегі академия кампустарында берілетін дипломмен тең арнайы сертификат табысталады. Дәрістерді АҚШ-тан келген оқытушылар жүргізеді. Айта кетейік, NYFA-ның Қазақстандағы филиалы – Азиядағы жалғыз филиал. 1 наурызда New York Film Academy президенті Майкл Янгтың қатысуымен Almaty Energo University жанындағы Креативті индустриялар паркі аумағында филиалдың жұмысын бастау туралы келісімге онлайн қол қою рәсімі өткен болатын.

18 шілде 2025 ж. 290 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 160

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930