Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рақымшылық: Қызылорда түрмелерінен 200 адам шығады

Рақымшылық: Қызылорда түрмелерінен 200 адам шығады

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен №37 мекемесінен Конституцияның отыз жылдығына байланысты рақымшылыққа іліккендер қатарында алғашқылардың бірі болып 3 адам бостандыққа шықты.
Фото: Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті
Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, соның бірі – Қылмыстық кодекстің алаяқтық бабымен 1 жылға бас бостандығынан айырылған тұрғын. Ол Қызылорда қалалық №2 сотының қаулысымен мерзімінен 5 ай бұрын рақымшылыққа сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
– Жасаған қылмысыма өкінемін. Бұл мен үшін үлкен өмірлік сабақ болды. Ендігі мақсатым – отбасыммен қауышып, заң талаптарын бұзбай, жұмысқа орналасу. Сонымен қатар балаларымды дұрыс тәрбиелеуге бар күшімді салғым келеді, - деді ол.
№37 мекеме бастығының орынбасары Нұрлан Мұхтаровтың айтуынша, рақымшылық заңы мекемеде жазасын өтеп жатқан 79 адамға қолданылады. Оның 7-і толық еркіндікке шықса, қалғандарының жазасының мерзімі қысқарады.
– Әзірге 3 адам бостандыққа шықты. Қалғандарының құжаттарын сот қарап жатыр. Рақымшылық заңы аясындағы жұмыстар заң талаптарына сай әрі жүйелі түрде жүргізіледі, - деді Нұрлан Мұхтаров.
Заң аясында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінен 200-ден астам босатылады. Бұған дейін біз рақымшылық аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы №50 мекемеде жазасын өтеп жатқан алғашқы әйел бостандыққа шыққанын жазғанбыз.

18 шілде 2025 ж. 354 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 160

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930