Батаның қасиетін бағалайық
Қазақ халкының бабадан балаға ұмыт болмай, өз құнын жоғалтпай жалғасып келе жатқан қасиетті дәстүрінің бірі – бата беру, бата алу екені белгілі. Қара қазаны оттан түспеген, пейілі дархан даладай ұлтымыздың жайдары жүзі, бауырмалдылығы мен қонақ күтуі айрықша. Қандастарымыз босағадан аттаған адамды «Қонақ құт әкеледі» деп ерекше құрметтеген. Қонағынан бата алған, елге белгілі адамдардың отырған, жатқан жеріне «Ұрпағым осы кісіге тартсын» деп кішкентай балаларын аунатып та алатын болған. Әлі күнге күнделікті өмірде әрқайсымыз өз отбсымызда ақ дастарқанда бата жасап, дұға тілейміз. Ұзақ сапарға жол жүр
ерде аузы дуалы, жұртына қадірлі кісілерден бата сұраймыз. Батаның адам айтса, нанғысыз керемет қасиеттерінің бар екенін көбіміз біле бермейміз. Оған дәлел Нұртуған жыраудың тәулік бойы тынбай жырлайтын шәкірті Жәмет жырауға берген батасының асыққа құйған қорғасындай нық қабыл болуы. Және Кенен Әзірбаевтың немересі шешек ауруынан көз жұмғанда Жамбыл ақыннан бата сұрауы, Мүйізді Өтеген жауға шабарда Төле биден бата алып тілегі қабыл болып, жауын талқандап жеңіспен оралуы берген батаның шарапаты мол екенін көрсетсе керек.

Қазіргі кезде ел ішінде есті сөз айтатын батагөй қарттарымыздың қатары азайып бара жатқандай.
Сондықтан Елбасы қоғамның барлық саласына рухани жаңғыруды міндеттеп, салт-дәстүрді нығайтуға назар аударып отырған уақытта бұл мәселеге салғырт қарамаған мақұл. «Жауынмен жер, батамен ел көгереді» демекші кейінгі толқынға тағылымды бата беруге мән беріп, ұлттық үрдісті ұлықтай білейік.
Аралбай МАМБЕТЖАНОВ