Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Кореяда жаңбыр толастамай тұр: төрт адам қаза тапты

Оңтүстік Кореяда жаңбыр толастамай тұр: төрт адам қаза тапты

Метеорологтар жақын күндері жауын-шашынның қайта күшейетінін ескерткен.
Оңтүстік Кореяда жаңбыр толастамай тұр: төрт адам қаза тапты
Фото: Yonhap
Соңғы үш күн бойы Оңтүстік Кореяда толассыз жаңбыр жауып жатыр. Салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы бір адам із-түссіз жоғалып кетті. 5000-нан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікт ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар басқармасының дерегінше, өлім деректері елдің орталық және оңтүстік аймақтарындағы Оңтүстік Чхунчхон провинциясында тіркелген. Сосан қаласында суға кеткен көліктен жүрегі тоқтап қалған адамның денесі табылды, тағы бір 80 жастағы қарияның мәйіті өз үйінің жертөлесінен табылған.
Соңғы мәлімет бойынша, 13 қала мен провинцияда 5192 адам эвакуацияланған. Билік 496 қоғамдық және 276 жеке меншік нысанның зақымданғанын мәлімдеді.
Екі жолаушы паромы рейсінен уақытша тоқтатылып, жеті теміржол бағыты бойынша пойыздар қозғалысы ішінара шектелді. Электр қуаты 45 рет өшкен, олардың 36-сын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, қалған 9 аумақта жұмыс жалғасуда.
Үкімет елде төтенше жағдай жариялап, барлық құрылымдарды сақтық пен көмекке жұмылдырды.



18 шілде 2025 ж. 264 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 146

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 138

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930