Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 532 теңге! Қазақстанда доллар бағамы тарихи межеден асты

532 теңге! Қазақстанда доллар бағамы тарихи межеден асты

Ұлттық банктің ресми дерегінше, 18 шілдеге арналған доллар бағамы 532,7 теңгеге жетіп, бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді.
Фото: ашық дереккөзден
Бұл көрсеткішке Бірінші кредиттік бюроның сарапшылары назар аударды. Бұған дейін америкалық валюта қаңтар айында рекорд орнатып, ресми түрде 530,24 теңге болған еді. Еуроның да Ұлттық банк белгілеген бағамы жаңа тарихи шекке жетіп, 617,23 теңгені құрады.
«Күні бойы ұлттық валюта долларға қатысты 1,2 пайызға (6,24 теңгеге) әлсіреді. Бұған ұқсас бір күндік күрт өзгеріс биыл сәуірдің алғашқы онкүндігінде, Дональд Трамп сауда тарифтерін енгізген кезде байқалған», — деп көрсетті БКБ сарапшылары.
Сонымен қатар доллардың биржалық орташа бағамы да 530 теңгеден асты. KASE қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 533,07 теңге болды. Кешкі уақытта америкалық валюта 533,8 теңгеге дейін көтерілді. Жуырда сарапшылар Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде тұрақты деп бағалағанын растады.
18 шілде 2025 ж. 389 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 15

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031