Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Суға да сақтық керек

Суға да сақтық керек

Суға шомылу маусымы басталғалы қашан. Жазғы демалысты сәтті өткізгенмен, судағы сақтықты да ұмытпаған абзал. Адам баласы үшін өмірінен артық ештеңе жоқ. Бірақ сол өмірін тәуекелге тігетіндер саны азаймай тұр. Әр шомылу маусымы басталар алдында барлық аймақта түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Суға батып кетудің алдын алу үшін бірнеше ережелерді қатаң ұстанған жөн. Осыған байланысты жаз мезгіліндегі суға шомылу маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық партия филиалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе аудан көлемінде арнайы мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Алтынбек Қалиев және бөлім қызметкерлері қатысты. Мониторинг жұмыстары саптық жиыннан басталды. Онда төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы рейдтің негізгі мақсатына тоқталып, жазғы маусымда суға шомылу кезінде сақтық шараларын сақтау тұрғындар өмірі мен денсаулығы үшін аса маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, су айдындарында орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүйелі бақылау мен қоғамдық жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Одан соң жұмыс тобы кент, қала және ауылдық округтер маңындағы бірқатар су арналары мен каналдарды аралап, суға шомылуға рұқсат етілмеген, қауіпті саналатын аймақтарға мониторинг жүргізді. Қауіп төндіруі мүмкін жерлер анықталып, ескерту белгілерін орнату, тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша нақты ұсыныстар берілді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
19 шілде 2025 ж. 238 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031