Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Несиені төлеу уақытша тоқтатылуы мүмкін

Несиені төлеу уақытша тоқтатылуы мүмкін

Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мәдиев елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты "қазақстандықтар үшін несиелік демалыс беріле ме?" деген сауалға жауап берді.

Бүгін Мәжілістегі үкімет сағатынан кейін тілшілер вице-министрден сұраған болатын. "Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қосымша шараларды әзірлеуде. Жақын арада бұл жағдайда қандай шаралар қабылданатынын білесіздер. Қазір бәрі пысықталып жатыр", - деді Жасұлан Мәдиев.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтарға несиелік демалыс беру идеясы туралы айтты. "Қазіргі жағдайды жеңілдету үшін бірқатар шара қарастырылуда", - деп жауап берді ол.

Вице-министр коронавирустық пандемия салдарынан Қазақстан экономикасына келтірілген залалды атай алмады. Оның айтуынша, есептеулер жүргізіліп, тиісті шаралар әзірленіп жатыр екен. "Төтенше жағдай бүгін ғана енгізілді. Сондықтан күтейік", - деді Мәдиев.

Айта кетейік, 15 наурызда ҚР президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.
baq.kz
16 наурыз 2020 ж. 44 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031