Газбалонды көлік : Үнем мен қауіп
Бүгінде газбен жүретін көліктер өте көп. Жүргізушілердің темір тұлпарын жаппай көгілдір отынға көшіруінің бірден бір себебі бағасының төмендігінде екені түсінікті. Оны орнынан қозғалтудың арзан амалы табылған тұста бүкіл қазақстандықтар көлігі көне болса да жүз мыңдаған қаржысын қондырғыға жұмсады. Бұл 2013 жылдың басында белең алған еді. Өткен жылғы есеп бойынша елдегі 4 миллион көліктің 350 мыңға жуығы көгілдір отын тұтынатындар қатарына енген. Тек 2018 жылдың өзінде 3 мыңнан астам азамат газ қондырғысын орнатқан.
Ең алдымен газды жағатын көліктер жанар-жағармаймен жүретін темір тұлпарға қарағанда экологияға зияны аз екенін айта кетейік. Сондықтан да бастапқыда бұны насихаттаушылар көп болды. Экологиялық мақсатта көліктерге газ қондырғысын орнату мәселесі Парламентте де сөз болды. Қатардағы жүргізушілерден бөлек мемлекеттік органдардың көліктері газбен жүрсін деген де ұсыныс айтылды. Бірақ нақты шара ретінде қолға алынған жоқ. Табиғи газ құрғақ болатындықтан сығымдалған газдың пропан мен бутаннан айырмашылығы зиянды қалдықтардың аздығы мен қауіпсіздігінде болып отыр. Сұйытылған газ күннің суығында қатып қалатын болса, табиғи газбен ондай мәселе туындамайды.
Табиғи газ ең таза отын саналатындықтан әлемде мұны моторлы отын түрінде пайдалану соңғы он жылда 7 есеге өскен. Яғни 2003 жылы бұл көрсеткіш 5,4 млрд текше метр болса, 2012 жылы оның көлемі 37 млрд текше метрді құраған. Ал Иран, Қытай, Пәкстан, Үндістан және Аргентина секілді елдерде табиғи газды қалалық көліктен бөлек, ауыл шаруашылығы және карьерлік техникаларда пайдаланады. Осылайша ауылшаруашылық науқаны кезінде жанармайдан таршылық кездеспей, жұмыс өнімі артатын көрінеді. Бұл біздің елге де үлгі аларлық тәжірибе екені анық.
Осы тұста Қазалы ауданында да көгілдір отынмен жүретін көліктер саны артқан. Тіпті қозғалтқыш көлемі ең төмен темір тұлпар иелері де бензинді артық шығын санайды. Өйткені жергілікті май құю бекеттерінде газ бағасы 68, ал бензин құны 154 теңгені көрсетіп тұр. Дегенмен қысқы аяздан қиындық көріп жүрген жүргізушілер бар. Бұндай жағдайға көбіне зауыттан тек газ қондырғысымен шыққан көлікті иеленгендер қиналады. Өйткені көгілдір отынмен оталатын машиналар салқында іске қосылмай қалатын көрінеді. Бұдан бөлек ондай құрылғылар үлкен жылдамдық алуға кедергі жасайды. Жағымсыз иісі тағы бар. Сөйте тұра қазалылық жүргізушілердің көпшілігі газ-бензин қондырғысын дұрыс санайды. Бірі түгесілсе, екіншісін қосып, діттеген жерге жетіп алуға болады. Бірақ бұндай көліктердің аса қауіпті екенін естен шығармаған жөн.
Біраз уақыт бұрын ғаламторда күтпеген сәтте жарылып, жанып кеткен көліктердің видеосы көп тарады. Оның себебі ретінде газ қондырғысы айтылды. Алайда қарапайым халық бұны тетікті орнатушылардың салғырттығы мен білімсіздігінен көргені рас. Әйтпесе аталған санаттағы көліктердің ыстыққа төзімділігі де көп насихатталған еді. Бірақ кейінгі жылдары көгілдір отынмен жүретіндердің кесірінен 2500-ден астам өрт оқиғасы тіркелді. Ал соңғы үш жылда 400-ге жақын машина жанып кеткен. Әрбір көлікте бірнеше адам болуы мүмкін екенін ескерсек, бұның жеңіл қарайтын мәселе емес екенін түсінеміз. Соны ескеріп, жақында Үкімет оларды жер асты автотұрақтарына кіргізбеу туралы қаулы шығарды.
Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер: “Соңғы жылдары тұрғын үйлердің астына салынған паркингтерде мүңкіген газдың иісіне шағымданушылар көбейді. Біз бұл жағдайды зерттеп көрдік. Шынымен де олар қауіп төндіретінін, төтенше жағдайлар тудыратынын анықтадық. ҚР Құрылыс нормалары бойынша ондай нысандарда газбен жүретін көліктерді қоюға рұқсат етілмейді», – деген еді. Осыдан кейін газбен жүретін көлік иелері көп қабатты тұрғын үйлер мен сауда орындарының астындағы паркингке кіріп кетсе 12 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайтыны айтылды. Егер осындай аумаққа байқаусызда кіріп кетіп, жол-көлік оқиғасы немесе апат бола қалса, қылмыстық іс қозғалады. Сондай-ақ комитет төрағасы бұндай көлік иелеріне машина багын барынша толтырмауға кеңес берді. Өйткені жылы нысанға кіргізілгенде газ қысымы артуынан жарылыс болып, соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін.
Елге мәлімделген бұл жаңалық төтенше жағдайдың алдын алуға бағытталғаны түсінікті. Дегенмен экологтар бұл шешімді асығыстыққа балап отыр. Бензин, дизель жанармайлары қоршаған ортаға орасан зиян келтіретіндіктен, керісінше көгілдір отын пайдаланатын көліктердің санының артуына ықпал етіп, оларға жер үстінен автотұрақтар салуды ұсынуда. Бірақ Қазалыда жер асты автотұрақтары жоқ болғандықтан жүргізушілердің алаңдамауына болады. Негізі елдегі газбен жүретін көліктердің саны қысқара ма, әлде көбейе береді ме, оны уақыт көрсетеді.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ