Жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініш қанағаттандырылды
Қазалы аудандық сотында азамат Р.-ның жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтініші қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес сотталған Р. 10.08.2017 жылы Қазалы аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі арқылы, 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
Сот отырысында Қазалы аудандық пробация қызметі бөлімінің өкілі, сотталушы Р.-ның тіркелген күннен бастап осы мерзім ішінде өзін тек жақсы жағынан көрсете білгені, қазіргі сотпен белгіленген жазасының 1/3 бөлігін толық өтегені, бөлім қызметкерлерімен тексеру барысында үй шаруасымен айналысып жүргені, көршілерімен тату-тәтті тұратыны, жанұясымен жақсы қарым-қатынаста екені, түзелу жолына түскендігін көрсетті.
Аудандық соттың қаулысымен пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, сотталған Р. бас бостандығын шектеу жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі.