Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс қашан басталады

Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс қашан басталады

Қазақстан мектептерінде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Оқушылар 28 қазаннан бастап күзгі демалысқа шығады.
Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылына арналған оқушылар демалысының мерзімін бекітті. 2-11-сынып оқушылары 34 апта оқиды және 30 күн демалады. Ал 1-сынып оқушыларына қыста қосымша каникул қосылып отыр. Сондықтан олардың оқу мерзімі - 33 апта.
Қысқы демалыс қашан басталады
Екінші тоқсан 4 қарашада басталады. Оқушылар қысқы каникулға 30 желтоқсан күні шығады. 2-11-сынып оқушыларында 30 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында демалыс болады. Ал 1-сынып оқушыларына ақпанда қосымша демалыс беріледі. Сондықтан олар 30 желтоқсан – 8 қаңтар және 3-9 ақпан аралығында демалады.
Көктемгі демалыс қашан басталады
Оқушылардың көктемгі демалысы 21 наурыз - 2 сәуір аралығына бекітіліп отыр. Төртінші тоқсан 3 сәуір басталады.
Ең ұзақ, яғни жазғы демалыс соңғы қоңыраудан кейін 26 мамырда басталады.
12 қазан 2019 ж. 2 311 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 107

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031