Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Колледждегі көрікті музей

Колледждегі көрікті музей

Бүгінгі жаһандану заманында елдің тарихы мен айбынын халыққа танытып, тәуелсіздікті тұғырлы ету жолындағы игі істерге атсалысу маңызды міндеттің бірі саналады. Халықтың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін, көпшілік арасына, кейінгі ұрпаққа таратуда музейдің маңызы зор.

Музей – ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Бұл – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап отыратын қасиетті мекен.
Тоқсан жылдық мерейтойын атап өтуді жоспарлап отырған Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің өлкетану музейі – оқу орнының мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани-идеологиялық тәрбие беру орны. Бұл орталық – ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген өз Отанын сүйетін, болашағын мемлекет тағдырымен байланыстыруға ұмтылатын, қабілетті жас мамандарды тәрбиелеу міндетін де атқарады.
2017 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жастарды елжандылыққа, тарихты құрметтеуге және ұлықтауға тәрбиелеу мақсатында колледж директоры Болатбек Әбиұлы Ахметовтың бастамасымен өлкетану музейі салтанатты түрде ашылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, туған өлкеміздің тарихын кеңінен насихаттау мақсатында музей өз қызметін жаңа талаптар тұрғысынан атқарып келеді. Ғасырға жуық тарихы бар Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіне бүгінгі таңға дейін он азамат басшылық жасады. Олардың әрқайсысы өз кезеңінде оқу ордасының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға, кадрлардың біліктілігі мен тәжірибесін арттыруға, мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыруға, сол арқылы халыққа рухани тәрбие беруге лайықты үлес қосты.
Музейде білім ордасының құрылуының алғашқы жылдарының фото суреттері, алғаш дәріс берген оқытушылар, Қазалы ауданынан шыққан Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының батырлары, білім шаңырағының жетістіктері мен түлектері және тағы басқа да экспозициялар орын алған.
Ол үш бөлмеден тұрады. Бірінші бөлімде Қазақ АКСР-нің астанасы болған Қызылорда қаласының тарихы мен Қазалы қаласының іргетасының қалануы, ІХ-ХІ ғасырдағы аудан аймағында орналасқан тарихи мәдени мұралар, 1903-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолын салу кезіндегі Қазалыдағы ашылған теміржол мекемелері туралы мәліметті қамтиды.
Аудан тарихында өз орны бар Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі 1929 жылдан бері теміржол саласына білікті мамандарды даярлап келеді. Оқу орны сол жылы Қазалы паровоз депосының жанынан ФЗУ болып ашылған. Мұнда Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Башқұртстаннан жастар келіп оқып, мамандық алған. 1937-1939 жылы 210 орындық оқу корпусы салынып жергілікті ұлт өкілдерінен алғашқы теміржолшылар дайындалған. Сонымен бірге Ұлы Отан соғысына Қазалы ауданынан 10 мыңға жуық адам қатысса, Кеңес Одағының батыры Я.Д.Михайлюк осы училище қабырғасынан аттанған. Оқу орнында 1940-1964 жылдар аралығында білім алған түлектер де осы тақтадан орын алған.
Музейдің екінші бөлмесі білім мекемесінің спорт және өнер саласындағы жетістіктеріне және оқу орнын бітірген Құрметті теміржолшылар мен әр жылдары білім алған мекеме басшыларына арналған. Училищенің 1985 жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атануына өзіндік үлес қосқан ардагер ұстаздар О.Бекбанов, М.Ақниязов және Қазақстан Республикасы Құрмет кітабына есімі алтын әріппен жазылған Ө.Ерниязов туралы мәліметтер қамтылған. Білім шаңырағында әр жылдары қызмет атқарған әріптестер, зейнеткерлер мен оқу орнының жолдамасымен Уфа қаласында білім алғандар және осы уақытқа дейінгі аралықта әр жылдары мекемені басқарған басшылар туралы ақпараттар жинақталған.
Мәдени орталықтың үшінші бөлмесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези¬денті Н.Назарбаевтың игі істерін, Тәуелсіз Қазақстан елінің табыстары және оқу орнының соңғы 5 жылдағы жетістіктерін қамтиды.
Музейді жабдықтауда колледждің инженер-педагогтары Р.Талиев, Ә.Нұрымбетов, Ж.Әбдіров, Е.Ешнияз, Р.Төкешов, А.Ахметуллаев, М.Ерімбетов, С.Қосмұратов, М.Қарабалаев, Ж.Сугурова, Л.Әдиева, Д.Ахметова, М.Ахай, Г.Күзембаева, Ә.Бекбанов, С.Ералы, М.Раймбердиевтің еңбектері ерен.
Жеткіншек ұрпақты кәсіптік-техникалық білім алуға тәрбиелеу жолында туған өлкенің сансыз сырын қаттаған колледж музейінің орны бөлек.

Гүлнар КҮЗЕМБАЕВА


14 шілде 2019 ж. 1 339 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930