Премьер-Министр: Тарифке қатысты әрбір азаматтың ұсынысы ескерілуі керек
Тарифке қатысты әрбір азаматтың ұсынысы ескерілуі керек.
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды.
- Бақытжан Сағынтаев «Энергетика және Ұлттық экономика министрліктері қабылдап жатқан шараларды қолдаймын. Дегенмен 2019 жылғы қаңтардан бастап электер энергиясы мен жылуға тарифтерді төмендетумен шектеліп қалмауымыз керек. Кеше Ұлттық экономика министрінің ұсыныстарын талқылаған болатынбыз. Мысалы, электронды форматпен тарифтердің жобасын ұсынған кезде, қоғам өзінің пікірлерін электронды форматпен сіздерге жолдай алады. Кез келген азаматтың ұсыныстары ескерілуі қажет. Монополистер тарифтерді түсірдік деп өздерінің көрсетіп отырған қызметтерінің сапасын нашарлатып алмауы керек», - деп тоқталды Үкімет басшысы. Б. Сағынтаев жұмыс тобы дәл осы бағыттар бойынша шараларды іске асыруы тиіс екендігін тапсырды. Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалауды талап етті. Сонымен қатар Президент Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды. Айта кетейік, монополияға қарсы қызметті күшейту заңнамасына түзетулер әзірленуде.
inform.kz