Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сағынтаев тариф бағасын төмендетуді тапсырды

Сағынтаев тариф бағасын төмендетуді тапсырды


Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне тарифтертерді төмендететін жүйелі іс-шараларды әзірлеу міндетін жүктеді.
Жиында Үкімет басшысы Елбасының Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау барысы туралы мәселеден бастады.
«Қауіпсіздің кеңесінің отырысынан кейін біз бірден тарифтерді төмендету және жалпы тарифтерді белгілеу жүйесінің айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету шараларын анықтадық. Құрамында энергетика, ұлттық экономика министрліктерімен бас прокуратураның өкілдерімен жұмыс тобы құрылды. Оның басты мақсаты – ең соңғы тұтынушылар үшін тарифтерді төмендету», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуынша, қазіргі таңда электр энергиясын өндірудің өзіндік құны айқындау әдістемесі дайындалып жатыр екен. Осы орайда премьер-министр табиғи монополистердің қаражатты мақсатты пайдалануын, әрі мемлекеттік бақылау және монополияға қарсы қызметті күшейту бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулер әзірлеу басталғанын атап өтті.
«Энергетика және ұлттық экономика министрліктеріне алдымыздағы 1-желтоқсанға дейін ал 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап тарифтертерді төмендететін жүйелі іс-шараларды әзірлеу міндеті жүктелді. Ең негізгі мәселе – тарифтерді қалыптастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету. Екіншіден баға саясатына мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейтіп, тарифтерді төмендету үшін қажетті іс-шараларды қабылдау», - деді ол.
Аталған салада қандай жұмыстар атқарылып жатқанын Үкімет басшысына энергекатика министрі Қанат Бозымбаев пен ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады.

13 қараша 2018 ж. 1 010 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930