Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Премьер-Министр іске қосылмай жатқан өндірістерді бақылауға алуды тапсырды

Премьер-Министр іске қосылмай жатқан өндірістерді бақылауға алуды тапсырды

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев толық қуатында жұмыс істемей тұрған кәсіпорындарды бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елбасының тарапынан қойылып отырған талап - ол жаңа жоғары технологиялық өнім шығаруға байланысты кәсіпорындарды қайта жаңғырту. Бұл өз кезегінде экспортқа шығатын өнімдердің де көлемін арттыруға септігін тигізеді. Тағы бір мәселе - ол өңдеуші сектордағы жүйе құраушы әрі жаңа ірі кәсіпорындарға қатысты. Осыған аса назар аударуларыңызды сұраймын», - деп тоқталды Премьер-Министр.
Бұдан бөлек Үкімет басшысы өнімдерін жоспарлы деңгейде шығармай отырған өндірістерге тоқталды.
«Бізде пайдалануға уақтылы берілмей жатқан кәсіпорындар бар. Сонымен қатар, іске қосылған кәсіпорындардың толық қуатында жұмыстарын атқармауына байланысты жағдайлар кездесуде. Бұл тұрғыда осы бағыттарға мән беру қажет. Асқар Ұзақбайұлы (Үкімет басшысының бірінші орынбасары), аталған мәселелерді бақылауға алыңыз», - деп тапсырды Б. Сағынтаев.
22 тамыз 2018 ж. 1 271 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 213

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 146

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031