Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды

Елбасы Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды

Кеше Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Энергетика министріне жыл соңына дейін электр энергиясы құнын төмендету мәселесін шешуді тапсырамын. Қанат, осыны іске асыруға қауқарлысыздар ма, әлде мүмкін емес пе?», - деді Президент Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа қарата айтқан сөзінде.
Өз кезегінде министр жүйе құраушы кәсіпорындарда төмендейтіндігін сөз етті.
«Жалпы халық үшін, яғни қарапайым азаматтарға қатысты мәселені көтеріп отырмыз. Тұтас Үкімет мүшелері осындасыздар, бұл бағытта нәтижелі жұмысты жүзеге асырыңыздар», - деді Мемлекет басшысы.
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес энергия өндіруші компаниялардың басшыларына қатысты айтып отырмын. Халық өздерінің қаржылары қайда және қандай мақсаттарға жұмсалып жатқанын білуі тиіс. Жұмыстарыңызды пысықтап, әлеуметтік жауапкершілікті сезініңіздер, яғни адамдардың сеніміне лайықты болыңыздар», - деді Мемлекет басшысы.
08 қараша 2018 ж. 1 074 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031