Қай партаға отырар едіңіз?
Мектепте оқушыны мұғалімдер өзі қалаған партаға отырғызады. Кей ұлдар ұнататын қызының жанына отырғызуды өтінеді. Оқымайтын балаларды үздік оқитын қыздың жанына отырғызады. Орын ауыстыру сәтінде ерік өзіңізде болса, суретте көрсетілген төрт орынның қайсысын таңдар едіңіз?
Егер нөмірі 1-партаны таңдасаңыз, көңілді жүруді және үнемі бірінші болуды қалайсыз. Біртоға өмірге төзе алмайсыз, сондықтан үнемі көңіл көтеретін әрекет пен орта іздеп жүресіз. Әлдекім сізді жауапсыз деуі мүмкін, бірақ бұл шындыққа аса жанаса қоймайды.
2-нөмірлі партаны таңдасаңыз, бір мезгілде демалып әрі еңбек ете аласыз. Уақытыңызды қалай жоспарлауды және әр істен нәтиже шығаруды жақсы білесіз. Алға нақты жоспарлар қоясыз, осы арқылы үнемі жетістікке жетесіз.
Таңдауыңыз 3-партаға түссе, ақылды да қызықты адамсыз. Сізбен әңгіме айту сондай жағымды, себебі кез келген тақырыпты ары қарай өрбіте аласыз. Өзіңізге назар аудартуды ұнатпайсыз, сонда да үнемі сырт келбетіңіз тартымды көрінуіне күш саласыз.
4-нөмірлі парта ұнайтын болса, демек үнемі бәрінен жақсы болуға ұмтыласыз. Сіз үшін әр істің нәтижелі болғаны маңызды, жай ғана нәтижелі емес, өте жақсы көрсеткішті болуы керек. Жауапкершілігіңіз мол және өте уайымшылсыз, сондықтан жеңілісті мойындай алмайсыз.